"Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 524 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 42 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 524 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21010 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын топографиялық карталарымен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

      "

Атауы (карталардың масштабы)

Өлшем бірлігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылығы

Бригада

Полк

Батальон

Жеке орналасқан бөлімше

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институты

Жеке авиациялық эскадрилья

      ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Атауы (карталардың масштабы)

Өлшем бірлігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылығы

Бригада

Полк

Батальон

Жеке орналасқан бөлімше

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы

Арнайы мақсаттағы авиациялық база

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Е.С. Ботақанов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты орналастырғаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Е.С. Ботақановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-полковнигі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады