Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 17 шiлдедегi № 524 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 шiлдеде № 21010 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      2020 жылғы " " ______________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 17 шілдедегі
№ 524 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын топографиялық карталармен және геодезиялық пункттердің координаталары каталогтарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

      Ескерту. Нормаларға өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2023 № 42 бұйрығымен.

Атауы (карталардың масштабы)

Өлшем бірлігі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының өңірлік қолбасшылығы

Бригада

Полк

Батальон

Жеке орналасқан бөлімше

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясы

Арнайы мақсаттағы авиациялық база

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Бір номенклатуралық парақ даналарының тиесілі саны

2

1: 25 000

парақ

5

5

5

5

5

5

5

-

3

1: 50 000

парақ

5

5

5

5

5

5

5

-

4

1: 100 000

парақ

5

5

5

5

5

5

5

5

5

1: 200 000

парақ

5

5

5

5

5

5

5

5

6

1: 500 000

парақ

5

5

5

-

-

-

5

5

7

1: 1 000 000

парақ

5

5

-

-

-

-

5

5

8

Геодезиялық пункттер координаталарының каталогы

дана

1

1

1

1

1

1

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады