Ақтөбе облысында 2023 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 25 қаулысы

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысында 2023 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулыға қосымша сәйкес бекітілсін.

      2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік баскармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Е. Тоғжанов
      Жобаны ұсынушы:
      "Ақтөбе облысының
кәсіпкерлік басқармасы"
ММ басшысы Н. Тлеумұратов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2023 жылғы 31 қаңтардағы
№ 25 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысында 2023 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 24.03.2023 № 76 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

Тауарлар атауы

Бірінші тоқсан (теңге)

Екінші тоқсан (теңге)

Үшінші тоқсан (теңге)

Төртінші тоқсан (теңге)

1

Бірінші сортты бидай ұны, килограмм

225

257

267

269

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм

162

163

163

163

3

Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм

459

483

504

508

4

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм

704

752

796

798

5

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм

595

603

634

662

6

Картоп, килограмм

175

280

202

172

7

Асханалық сәбіз, килограмм

195

341

218

180

8

Басты пияз, килограмм

124

172

132

126

9

Ақ қауданды қырыққабат, килограмм

126

96

99

108

10

Ақ қант - құмшекер, килограмм

507

557

593

633

11

Күнбағыс майы, литр

896

907

994

1098

12

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм

2198

2254

2294

2335

13

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм

1192

1274

1318

1319

14

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, литр

267

268

272

279

15

Айран, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада, литр

295

292

295

295

16

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5% толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм

2973

3000

3027

3031

17

Тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 дана

386

319

346

449

18

Ac тұзы ("Экстра" - дан басқа), килограмм

59

60

66

67

19

Сүзбе: майлылығы 5-9%, килограмм

1663

1673

1679

1704


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады