Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 5-2/511 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының "Садовое" тұрғын үй алабына қарасты, Батысқа қарай жолда Қарғалы өзенінен 3 км қашықтықта орналасқан жазғы жайылымдағы отарлар аумағындағы карантинді, осы жайылымдық отарлардағы ұсақ мүйізді қара малдарының күл ауруына қарсы жоюға жүргізілген ветеринариялық іс-шараларының атқарылуына байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 4224 "Карантин белгілеу туралы" қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қала әкімінің м.а. | Ж. Бисембин |