Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 01.11.2023 № 4551 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Занының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 2 қазандағы № 5-2/442 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұсақ мүйізді қара малдарының арасында күл ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының "Садовое" тұрғын үй алабына қарасты, Батысқа қарай жолда Қарғалы өзенінен 3 км қашықтықта орналасқан жазғы жайылымдағы отарлар аумағында карантин белгіленсін.
2. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада бекітілген тәртіппен:
1) осы қаулыны оның алғашқы ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | А. Бекет |