Маржанбұлақ ауылдық округінің Маржанбұлақ ауылының шаруа қожалығында мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан жұқпалы ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 140 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасының ауыл шарушылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Алға аудандық аймақтық инспекциясы" ММ-нің басшысының м.а. 2023 жылғы 13 шілдедегі № 02-06-14/153 ұсынысының негізінде Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауданының Маржанбұлақ ауылдық округі Маржанбұлақ ауылы "Сарым" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан жұқпалы ауру ошағына ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізіліп, сыныма нәтижелерінің "теріс" көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынып тасталынсын.

      2. Әкімнің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 12 маусымдағы № 110 шешімінің (2023 жылғы 16 маусымындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 182990 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маржанбұлақ ауылдық
округінің әкімі
М. А. Еламан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады