Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің 13.07.2023 № 140 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37- бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасының ауыл шарушылығы Министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Алға аудандық аймақтық инспекциясы" ММ-нің басшысының м. а. 2023 жылғы 09 маусымдағы № 02-06-14/133 ұсынысының негізінде Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданының Маржанбұлақ ауылдық округі Маржанбұлақ ауылы "Сарым" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдарының арасында қарасан жұқпалы ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі | М. А. Еламан |