Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 мамырдағы № 22 "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ащы, Жаңажол, Жарқамыс, Көлтабан, Қарауылкелді, Қопа, Қызылбұлақ, Миялы, Сартоғай ауылдық округтері бойынша 2023-2024 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы" шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 15 бабының 1 тармағының 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8 бабы 1) тармақшасына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Сержан |