"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 02-08-04/95 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қарауылкелді ауылы Әшім Төленов көшесі № 19, Қазақстан көшесі № 77 А, Мәншүк Мәметова № 6, Құрманғазы көшесі № 39 үйлеріне мүйізді ірі-қара малдар арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралары жүргізілгендігіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2023 жылғы 16 наурыздағы № 38 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарауылкелді ауылдық округі әкімі: | Ж. Абитов |