Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 38 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 99 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 13.07.2023 № 99 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Байғанин аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 15 наурыздағы № 02-08-04/35 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің Қарауылкелді ауылы Әшім Төленов көшесі № 19, Қазақстан көшесі № 77 А, Мәншүк Мәметова № 6, Құрманғазы көшесі № 39 үйлеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарауылкелді ауылдық округінің әкімі Ж. Абитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады