Мәртөк ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 225 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Мәртөк ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Искаков

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 225 қаулысына қосымша

Мәртөк ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің "2023 жылға арналған Мәртөк ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2022 жылғы 9 қарашадағы № 271 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 177395 болып тіркелген) қаулысы;

      2. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің "Мәртөк ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 271 "2023 жылға арналған Мәртөк ауданында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 31 мамырдағы № 108 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 182768 болып тіркелген) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады