Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабының, 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мұғалжар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Кадралин |
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 91 шешіміне қосымша |
Мұғалжар ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
атауы | есептік бірлік | теңге (қосылған құн салықсыз) |
Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 225,00 |
Бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 2 288,15 |