Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылдық округі, Бақанас ауылының атауы жоқ көшелерге және саябаққа атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 08-01 шешімі

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бақанас ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде, Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылдық округі, Бақанас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне және саябаққа келесі атаулар берілсін:

      1) атауы жоқ көшеге - Бақтыораз Бейсекбаев;

      2) атауы жоқ көшеге - Мұсабек Сеңгірбаев;

      3) атауы жоқ көшеге – Малтабаров Амантай Жайлауұлы;

      4) атауы жоқ саябаққа - "Интернационалист-жауынгер" атындағы саябағы.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі К.Культебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады