Талғар қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 шілдедегі № 6-25 бірлескен шешімі және Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 23 шілдедегі № 07-284 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Талғар қаласы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талғар қаласының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      "Орджоникидзе" көшесі – "Бейбарыс сұлтан" көшесіне, "Пугачев" көшесі – "Қайрат Рысқұлбеков" көшесіне, "Декабристов" көшесі – "Жүсіп Баласағұн" көшесіне, "Егоров" көшесі – "Қожа Ахмет Яссауи" көшесіне, "Красин" көшесі – "Ахмет Жұбанов" көшесіне, "Комаров" көшесі – "Фариза Оңғарсынова" көшесіне, "Кузнецова" көшесі – "Қазтуған Жырау" көшесіне, "Лахути" көшесі – "Жәнібек хан" көшесіне, "Папанин" көшесі – "Мұхаммед Хайдар Дулати" көшесіне, "Пархоменко" көшесі – "Хақназар хан" көшесіне, "Первунин" көшесі – "Ақтамберді жырау" көшесіне, "Пирогов" көшесі – "Әбілқайыр хан" көшесіне, "Попович" көшесі – "Дулат Бабатайұлы" көшесіне, "Стрельников" көшесі – "Сырым батыр" көшесіне, "Скворцов" көшесі – "Жақып Ақбаев" көшесіне, "Столетов" көшесі – "Дәулеткерей" көшесіне, "Светлов" көшесі – "Жаяу Мұса" көшесіне, "Щусев" көшесі – "Мәшһүр Жүсіп" көшесіне, "Черняховская" көшесі – "Дәнеш Рақышев" көшесіне, "Шевцов" көшесі – "Александр Затаевич" көшесіне, "Р.Люксембург" көшесі – "Дина Нұрпейісова" көшесіне, "Щорс" көшесі – "Талғат Бигелдинов" көшесіне, "Громовой" көшесі – "Нәзір Төреқұлов" көшесіне, "Невский" көшесі – "Сағадат Нұрмағамбетов" көшесіне, "Васнецов" көшесі – "Жанқожа батыр" көшесіне, "Азизбекова" көшесі – "Өзбекәлі Жәнібеков" көшесіне, "Челюскин" көшесі – "Ермұхан Бекмаханұлы" көшесіне, "Суриков" көшесі – "Жұмабек Тәшенов" көшесіне, "Нариманов" көшесі – "Халифа Алтай" көшесіне, "Алатауская" көшесі – "Мағжан Жұмабаев" көшесіне, "Алтайская" көшесі – "Тұманбай Молдағалиев" көшесіне, "Кошевого" көшесі – "Бердібек Соқпақбаев" көшесіне, "Шишкин" көшесі – "Естай ақын" көшесіне, "Бестужев" көшесі – "Қасым Қайсенов" көшесіне, "Брянского" бұрылысы – "Әлімхан Ермеков" бұрылысына, "Ашхабатский" бұрылысы – "Мұрын жарау" бұрылысына, "Спутник" бұрылысы – "Кейкі батыр" бұрылысына, "Курганный" бұрылысы – "Қадырғали Жалайыри" бұрылысына, "Армянский" бұрылысы – "Майқы би" бұрылысына, "Киргизский" бұрылысы – "Жалаңтөс батыр" бұрылысына, "Донской" бұрылысы – "Қорқыт ата" бұрылысына, "Бахинский" бұрылысы – "Жұмат Шанин" бұрылысына, "Пионерский" бұрылысы – "Асқар Сүлейменов" бұрылысына, "Горный" бұрылысы – "Халел Досмұхамедұлы" бұрылысына, "Цветочный" бұрылысы – "Кетбұға" бұрылысына, "Дружбы" бұрылысы – "Ағыбай батыр" бұрылысына.

      2. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданының әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Талғар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданының әкімдігінің қаулысы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М. Алибеков
      Талғар ауданының әкімі Т. Айдарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады