"Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшермелері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы ____________ №__ бұйрықғымен бекітілген |
Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпаратына қол жеткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 18-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратына (бұдан әрі – Ақпарат) қол жеткiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингі ақпараты электрондық деректер қорына жедел санкцияланған қол жеткiзу арқылы беріледi.
2-тарау. Меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратына қол жеткiзуді ұсыну тәртiбі
3. Ақпаратқа қол жеткiзу:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшілiгiне (бұдан әрі – Президент Әкiмшілiгi);
Қазақстан Республикасының Үкiметiне (бұдан әрі – Үкiмет);
орталық және жергілікті атқарушы органдарға, жергілiктi өкiлдi органдарға;
Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға беріледi.
4. Президент Әкiмшілiгi, Үкiмет және мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган Ақпаратты толық көлемде немесе меншiктiң мемлекеттік мониторингi мәнiне жатқызылатын жекелеген мәселелер бойынша алады.
5. Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар оларға қатысты акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және қатысу үлестерiн иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асыратын меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектілерi бойынша толық көлемде Ақпарат алады.
6. Жергілiктi өкiлдi органдар және жергілiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектілерiне қатысты Ақпаратты алады.
7. Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және қатысу үлестерiн иелену және пайдалану құқығын және/немесе меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектiсiне, сондай-ақ жеке меншiктегi меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң объектілерiне қатысты мемлекеттiк басқару органының функцияларын жүзеге асырмайтын орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар олардың құзыретiне жатқызатын мәселелердiң шегiнде Ақпаратты алады.
8. Президент Әкiмшiлiгiне және Үкiметке Ақпаратты Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, сондай-ақ Президент Әкiмшілiгiнiң және Үкiметтiң тапсырмаларымен көзделген жағдайларда уәкiлеттi орган бередi.
9. Орталық атқарушы органдарға, жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының Президентіне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдарға меншiктiң мемлекеттiк мониторингi ақпаратын тиiстi сұрау салудың негiзiнде уәкілеттi орган бередi.
10. Ақпарат:
1) Президент Әкiмшілiгiне және Үкiметке Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiнде көзделген мерзімде, сондай-ақ Президент Әкiмшілiгiнiң және Yкiметтiң тапсырмаларында көзделген мерзiмде;
2) орталық атқарушы органдарға, жергілiкті өкілдi және атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдарға уәкілеттi орган айқындайтын, бiрақ сұрау салуды алған күнінен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде ұсынылады.
11. Осы Қағидаларының 3-тармағында көрсетiлген мемлекеттік органдардың меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң электрондық деректер қорына қол жеткiзуi осы Қағидаларының 4,5,6 және 7-тармақтарында белгіленген көлемде айқындалады.
12. Меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң электрондық деректер қорына қол жеткiзудi жүргiзу мен қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды уәкілетті орган жүзеге асырады.