Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2023 жылға арналған шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды атқарсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Әйтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің "___" _________ 2023 жылғы "____" қаулысына қосымша |
Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2023 жылға арналған шекті мәндері
№ | Тауарлар атауы | Өлшем бірлігі |
Бірінші тоқсан |
Екінші тоқсан |
Үшінші тоқсан |
1 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) | килограмм | 458 | 475 | 477 |
2 | Бірінші сортты бидай ұны | килограмм | 210 | 217 | 219 |
3 | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) | килограмм | 709 | 747 | 768 |
4 | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) | килограмм | 173 | 177 | 179 |
5 | Рожки (өлшеніп салынатын) | килограмм | 401 | 409 | 443 |
6 | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) | килограмм | 2510 | 2521 | 2668 |
7 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) | килограмм | 1271 | 1350 | 1424 |
8 |
Пастерленген сүт, майлылығы | литр | 308 | 308 | 329 |
9 | Айран, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада | литр | 355 | 364 | 372 |
10 | Сүзбе: майлылығы 5-9 % | килограмм | 2182 | 2246 | 2282 |
11 | Тауық жұмыртқасы (I санатты) | дана | 43,5 | 41 | 41,9 |
12 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 % толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ) | килограмм | 3465 | 3620 | 3714 |
13 | Күнбағыс майы | литр | 888 | 962 | 1025 |
14 | Ақ қауданды қырыққабат | килограмм | 105 | 58 | 73 |
15 | Басты пияз | килограмм | 148 | 168 | 128 |
16 | Асханалық сәбіз | килограмм | 175 | 260 | 184 |
17 | Картоп | килограмм | 168 | 190 | 151 |
18 | Ақ қант - құмшекер | килограмм | 556 | 628 | 625 |
19 | Ас тұзы ("Экстра" - дан басқа) | килограмм | 49 | 49 | 49 |