Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін, жалпы көлемі 0,0013 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 05 қазанға дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс желісі үшін, жалпы көлемі 0,1908 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2028 жылдың 05 қазанға дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
3. "Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ. Асыловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
Шымкент қаласы әкімдігінің "___"________ жылғы №____ қаулысының қосымшасы |
"КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы, кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар | Оның ішінде | |
ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылым, гектар | Елді мекен жерлері, гектар | |||
1 | КСК тұрғын жайларының меншік иелері кондоминиум объектісі | 0,0003 | 0,0003 |