Абай облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 38 қаулысы. Күші жойылды – Абай облысының әкімдігінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 149 қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды – Абай облысының әкімдігінің 07.08.2024 № 149 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;

      2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бакылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

  Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы "17" ақпандағы
№ ____ қаулысымен
бекітілген

Абай облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Абай облысының білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту кезінде бірыңғай тұрғыда қарауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. 3. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың және білім беру ұйымының өзге де заңды өкілдерінің оларға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен және Білім беру ұйымы ішкі тәртіп қағидаларымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі

      4. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидалары:

      білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогтарының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен, ата-аналармен және өзге заңды өкілдермен өзара іс-әрекет етуін;

      білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алуы және олардың өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайдың жасалуын; ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды; білім беру ұйымы жұмысының басталу мен аяқталу уақытын, олардың арасындағы үзілістерді;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығын; оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібін көздейді.

      5. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылардың және тәрбиеленушілердің, сондай-ақ олардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидаларымен танысуының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады