Абай облысы бойынша 2023 жылғы І-ІІ-ІІІ тоқсандарға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысының әкімдігінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 96 қаулысы

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Абай облысы бойынша 2023 жылғы І-ІІ-ІІІ тоқсандарға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы әкімінің м. а. А. Кәрімов

  Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы "19" мамырдағы
№ 96 қаулысына
қосымша

Абай облысы бойынша 2023 жылғы І-ІІ-ІІІ тоқсандарға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

Тауар атауы

Өлшем бірлігі

I-тоқсан

II-тоқсан

III-тоқсан

1.

Бірінші сортты бидай ұны

теңге/ килограмм

221

234

241

2.

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

теңге/ килограмм

194

196

196

3.

Рожки (өлшеніп салынатын)

теңге/ килограмм

430

443

462

4.

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

теңге/ килограмм

725

732

756

5.

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

теңге/ килограмм

532

537

547

6.

Картоп

теңге/ килограмм

152

275

186

7.

Асханалық сәбіз

теңге/ килограмм

136

259

183

8.

Басты пияз

теңге/ килограмм

117

153

138

9.

Ақ қауданды қырыққабат

теңге// килограмм

175

139

116

10.

Ақ қант – құмшекер

теңге/ килограмм

638

686

733

11.

Күнбағыс майы

теңге/литр

820

820

860

12.

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

теңге/ килограмм

2 194

2 206

2 270

13.

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

теңге/ килограмм

1 163

1 200

1 255

14.

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада

теңге/литр

340

346

351

15.

Майлылығы 2,5 % айран, жұмсақ қаптамада

теңге/литр

358

386

389

16.

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 %, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

теңге/ килограмм

2 943

3 074

3 139

17.

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

теңге/дана

505

416

432

18.

Ac тұзы ("Экстра" -дан басқа)

теңге/ килограмм

70

71

71

19.

Сүзбе: майлылығы 5-9 %

теңге/килограмм

1 628

1 646

1 661


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады