2023 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 228 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына, "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып,тіркелген) сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Абай облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Абай облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;

      2) осы қаулыны Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бакылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

  Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы "25"
желтоқсандағы № __228__
қаулысына 1-қосымша

2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

 
 
 
 
 
Р/с №

Аймақтың атауы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері

Елді мекен

Тәрбиеле-нушілер саны

Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге)

10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

9 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары

1.

Абай ауданы

ауыл

675

61 254



2.

Аягөз ауданы

ауыл

100

61 081



қала

1962

54913



3.

Бесқарағай ауданы

ауыл

150

61254



4.

Бородулиха ауданы

ауыл

627

61 081



5.

Жарма ауданы

ауыл

850

61 081



6.

Көкпекті ауданы

ауыл

550

60907



7.

Курчатов қаласы

қала

485

54 913



8.

Семей қаласы

қала

11063

54 913



Семей қаласы түзету тобы

қала

111



100 040

9.

Ақсуат ауданы

ауыл

661

60907



10.

Үржар ауданы

ауыл

428


55 757



Барлығы

17662




  Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы "25"
желтоқсандағы
№ __228___ қаулысына
2-қосымша

2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

 
 
 
Р/с №

Аймақтың атауы

Айына ата-ананың ақы төлек мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдардың түрлері

Тәрбиеленушілер саны

Детский сад/ ясли-сад (до 3-х лет / от 3-х лет)

Мини-центр с полным днем пребывания детей (до 3-х лет / от 3-х лет)

1.

Абай ауданы

794

3 жасқа дейін-6000, 3 жастан бастап-10000

3 жасқа дейін-5000, 3 жастан бастап-6000

 
2.

Ақсуат ауданы

748

3 жасқа дейін-15400, 3 жастан бастап-16500

3 жасқа дейін-8000, 3 жастан бастап-13000

 
3.

Аягөз ауданы

2574

3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап-17000

3 жасқа дейін-16000, 3 жастан бастап-17000

 
4.

Бесқарағай ауданы

240

3 жасқа дейін-11000, 3 жастан бастап-11000

3 жасқа дейін-11000, 3 жастан бастап-11000

 
5.
 

Бородулиха ауданы

974

3 жасқа дейін-11565, 3 жастан бастап-14650

3 жасқа дейін-11565, 3 жастан бастап-14650

 
6.

Жарма ауданы

1194

3 жасқа дейін-12000, 3 жастан бастап-14000

3 жасқа дейін-7000, 3 жастан бастап-8000

 
7.

Көкпекті ауданы

245

3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-14500

3 жасқа дейін-14500, 3 жастан бастап-14500

 
8.

Курчатов қаласы

425

3 жасқа дейін-13000, 3 жастан бастап-13000

3 жасқа дейін-12000, 3 жастан бастап-13000

 
9.

Семей қаласы

10829

3 жасқа дейін-16500, 3 жастан бастап-18500

3 жасқа дейін-16500, 3 жастан бастап-18500

 
10.

Үржар ауданы

1478

3 жасқа дейін-7000, 3 жастан бастап-14000

3 жасқа дейін-7000, 3 жастан бастап-14000



19537




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады