Абай облысы Семей қаласының "Теплокоммунэнерго" МКК қазандығында техногендік сипаттағы объектілік масштабты төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Абай облысы Семей қаласының әкімінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 8 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 4 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласының әкімінің 19.06.2024 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 және 50-бабтарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м. а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Семей қалалық комиссиясының жоспардан тыс отырысының 2023 жылғы 11 тамыздағы № 8 хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ғаббасов көшесі, 3 орналасқан "Ғаббасов" қазандығында орын алған апатқа байланысты, Семей қаласында техногендік сипаттағы объектілік масштабты төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 11 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қала әкімі Н. Нұрсағатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады