Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабы 8 –тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 24/138-VII "Курчатов қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 171875 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | Г. Хусайнова |