Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Курчатов қалалық мәслихатының "Курчатов қаласының 2023 – 2025 жылдарға арналған бюджеті туралы" 2022 жылғы 28 желтоқсандағы 26/162-VII шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Курчатов қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 2 825 815,8 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 773 309,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 21 121,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 10 263,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 1 021 122,8 мың теңге;
2) шығындар – 3 139 102,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – - 18 890,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 18 890,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 294 396,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 294 396,3 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 18 890,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 313 286,3 мың теңге.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. 2023 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 477 610,8 мың теңге сомасында қарастырылсын.";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. 2023 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттер 21 000,0 мың теңге сомасында қарастырылсын.";
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"6. 2023 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 416 174,0 мың теңге сомасында қарастырылсын."
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы | Г. Хусайнова |