Бесқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 5 "Абай облысының Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылдық округінің Жетіжар ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 - бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай ауданындағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 11 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде ШЕШТІ:

      1. Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №5 "Абай облысының Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылдық округінің Жетіжар ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданының әкімі Т. Муратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады