Абай облысының Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылдық округінің Жетіжар ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 5 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 6 шешімі.

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің 25.09.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48- бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы" бұйрығына, Бесқарағай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның 2023 жылғы 19 қыркүйектегі №9 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:

      1. Абай облысы Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылдық округінің Жетіжар ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу үшін аудан әкімінің орынбасары А.Т.Тастенбеков төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бесқарағай ауданының әкімі Т. Муратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады