Абай облысының Бородулиха ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 5 шешімі. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 6 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің 18.07.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 3-тармағына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына, Бородулиха ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2023 жылғы 23 мамырдағы № 7 кезектен тыс жедел отырысының хаттамасына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Бородулиха ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды өткізу үшін өзімді төтенше жағдайды жою бойынша басшысы етіп тағайындаймын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 23 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Е. Селиханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады