Абай облысының Бородулиха ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою туралы

Жаңа

Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2023 жылғы 18 шілдедегі № 6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 2-тармағы, 37-бабы 8-тармағына, Бородулиха ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясы кезекті отырысының 2023 жылғы 17 шілдедегі № 12 хаттамасына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Абай облысы Бородулиха ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды алып тасталсын.

      2. Абай облысы Бородулиха ауданы әкімінің 2023 жылғы 23 мамырдағы "Абай облысының Бородулиха ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" № 5 шешімінің күші жойылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Р.М. Абдрахмановқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады