Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімінің 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 2 шешімі

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32469 болып тіркелген) сәйкес, облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №8 хаттамасының негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қордай және Шу аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров тағайындалсын.

      3. Төтенше жағдайды жою басшысы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімнен туындайтын қажетті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Е. Қарашөкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады