"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға жергілікті атқарушы органдар ұсынатын әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 276 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 243/НҚ бірлескен бұйрығы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға жергілікті атқарушы органдар ұсынатын әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) Астана және Алматы қалаларының аумағында іске қосылсын.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға жергілікті атқарушы органдар ұсынатын әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.

      3. Пилоттық жобаның Астана және Алматы қалаларында қолданылу мерзімі 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 2024 жылғы 31 мамырға дейін айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы бірлескен бұйрықты жергілікті атқарушы органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың назарына жеткізсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
___________Т. Дүйсенова
Қазақстан РеспубликасыныңЦифрлық даму, инновацияларжәне аэроғарыш өнеркәсібіминистрі___________Б. Мусин

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 10 шілдедегі
№ 243/НҚ мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 276 бұйрығына
қосымша

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға жергілікті атқарушы органдар ұсынатын әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға жергілікті атқарушы органдар ұсынатын әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) әлеуметтік көмекті төлеу кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын айқындайды.

      2. Осы Алгоритмге сәйкес жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға ұсынатын әлеуметтік көмек түрлерінің тізбесі жергілікті атқарушы органдармен анықталады.

      3. Осы Алгоритмде келесідей негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) алгоритм – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы әлеуметтік көмек төлеуді жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдар мен олардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл тетігін сипаттайтын құжат;

      3) "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ЕРДО) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті мемлекеттік органның жанынан құрылатын, еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық жағынан сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметтерін әдіснамалық жағынан қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту мен қолдап отыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      4) "ОДҚ" ААЖ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      5) "Е-Собес" ААЖ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      6) уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі;

      7) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар немесе "Қазпочта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      8) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      9) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

      10) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдар мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек.

      Осы Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер тиісті мәселелерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.

      4. Пилоттық жобаның қолданысы кезеңінде қызметті Мемлекеттік корпорация қайтарымсыз негізде көрсетеді.

      5. Пилоттық жоба шеңберінде әлеуметтік көмектің келесі түрлері көрсетіледі:

      - атаулы күндер мен мереке күндеріне – өтініштер талап етілмей (біржолғы);

      - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде, әлеуметтік мәні бар ауру болғанда – өтініштер бойынша не ұйымдардан алынған мәліметтер негізінде (біржолғы, ай сайын немесе тоқсан сайын).

      6. Әлеуметтік көмекті төлеуге алушылардың тізімін қалыптастыру және шешімдерді қабылдау уәкілетті органмен келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

      - атаулы күндер мен мереке күндеріне – "Е-Собес" ААЖ-да "ОДҚ" ААЖ-дан зейнетақы мен жәрдемақы алушылар болып табылатын азаматтардың қатарынан мәліметтер алу үшін сұраныс жасайды.

      "ОДҚ" ААЖ "Е-Собес" ААЖ-ның сұрауы бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау үшін зейнетақы мен жәрдемақы алушылар туралы мәліметтерді қалыптастырады және "Е-Собес" ААЖ-ға ЖСН, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), туған күнін, Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің кодын, төлеу кодын, жынысын, тіркелген мекен жайын, банк деректемелерін, телефон нөмірін (бар болса), қамқоршының деректерін (жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар үшін) көрсете отырып, жібереді.

      "Е-Собес" ААЖ-ға мәліметтер келіп түскеннен кейін уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді (бұдан әрі – тағайындау туралы шешім) қалыптастырады және қол қояды;

      - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде, әлеуметтік мәні бар ауру болғанда – қабылданған өтініштердің не ұйымдардан алынған тізімдердің негізінде, "Е-Собес" ААЖ-да тағайындау туралы шешімдер қалыптастырылады және қол қойылады.

      7. Уәкілетті органның басшысы тағайындау туралы шешімге қол қойғаннан кейін, тағайындау туралы шешімдегі деректер әлеуметтік көмекті Мемлекеттік корпорация арқылы төлемге қою үшін "ОДҚ" ААЖ-ға автоматты түрде жіберіледі.

      8. Тағайындау туралы шешімдер негізінде Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігін қалыптастырады:

      - атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмекті төлеген кезде – атаулы күн немесе мереке күніне дейін күнтізбелік 10 күн қалғанда;

      - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде, әлеуметтік мәні бар ауру болғанда әлеуметтік көмекті төлеген кезде:

      біржолғы төлемдер бойынша – күн сайын, тағайындау туралы шешімдер түскен күннен бастап;

      ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша – төлем жүргізілетін айдын алдындағы әр айдың 27-күніне ай сайын қалыптастырады.

      9. Қажеттілік қалыптастырылғаннан кейін Мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмекті төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімді уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінім келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражатты Мемлекеттік корпорацияға аударады.

      Төлем жасалатын айға дейінгі айдың 27-күнінен кейін келіп түскен өтінімдер бойынша, уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге қажеттілік сомасы туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражатты Мемлекеттік корпорацияға келесі айдың 1-нен кейін аударады.

      10. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін 2 жұмыс күні ішінде төлеу кестесіне сәйкес МТ-102 форматында төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банк шоттарына төлемді жүзеге асырады.

      11. Әлеуметтік көмек сомалары екінші деңгейдегі банктерден қайтарылған кезде Мемлекеттік корпорация қайтарылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарулар туралы мәліметтерді уәкілетті органға жібереді.

      12. Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде қайтарулар себебін қарайды және "Е-Собес" ААЖ-да өзгерістер енгізеді, одан кейін қайта қаржыландыру немесе ақшалай қаражатты уәкілетті органға қайтару үшін мәліметтерді "ОДҚ" ААЖ-ға жібереді.

      13. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға қайта жіберілмеген әлеуметтік көмекті қайтарулар сомаларын уәкілетті органға жібереді.

      14. Мемлекеттік корпорация ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей:

      - осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес уәкілетті органмен әлеуметтік көмек төлеуге аударылған трансферттер туралы тексеру актісіне қол қояды;

      - осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті органға екінші деңгейдегі банктер және "Қазпочта" АҚ бөлінісінде әлеуметтік көмек төлемдері туралы ақпаратты жолдайды.

      15. Берілетін дербес деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дәйектілігін, сондай-ақ қорғалуын ақпарат беретін Ақпараттық жүйенің тарапы (сервис иесі) қамтамасыз етеді.

      ЕРДО ақпараттандыру, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын және ақпараттық жүйелерді пайдаланушылар қалыптастырған мәліметтердің қауіпсіздігі мен өзгермейтіндігін қалыптастыруды және форматтық-логикалық бақылау орнатудың уақтылығын, сондай-ақ дербес деректерді жинауға және өңдеуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алуды растауды қамтамасыз етеді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау" мемлекеттік сервисі арқылы.

      16. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмекті алушылар санатын қалыптастыру үшін қажетті зейнетақы мен барлық жәрдемақы түрлерінің төлем кодтарының дұрыс таңдалуына жауапкершілікте болады.

      17. Уәкілетті орган және Мемлекеттік корпорация қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында және басқа да нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіп, мерзімдердің және басқа да талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      ____________________

  "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамы арқылы жекелеген
санаттағы мұқтаж азаматтарға
жергілікті атқарушы органдар
ұсынатын әлеуметтік көмекті
төлеу жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру кезінде
мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
1-қосымша

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

      мен _________________________
уәкілетті органның атауы
арасындағы АӘК төлеуге түскен трансферттер туралы
салыстырып тексеру актісі

      ______________ есепті кезең

Жолдың коды

Уәкілетті органның БСН-сі

Уәкілетті органның атауы

Түскен трансферттер туралы төлем тапсырмасының №

Түскен трансферттер туралы төлем тапсырмасының күні

Сомасы, теңге

Әлеуметтік көмек атауы

1

2

3

4

5

6

7






















БАРЛЫҒЫ 0,00

      Барлығы: _______________ (сомасы жазбаша)

      "Азаматтарға арналған үкімет"

      мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ

      _______________________________       ______________________________________

      уәкілетті органның атауы

      _______________________________       ______________________________________

      (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты                   (жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса), лауазымы және қолы)                        (бар болса), лауазымы және қолы)

      _______________________________       ______________________________________

  "Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамы арқылы жекелеген
санаттағы мұқтаж азаматтарға
жергілікті атқарушы органдар
ұсынатын әлеуметтік көмекті
төлеу жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру кезінде
мемлекеттік органдар мен
ұйымдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
2-қосымша

________________________ облысы _______________________ ауданы бойынша

      (уәкілетті органның атауы)

      екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) және "Қазпочта" АҚ бөлінісінде жүргізілген
әлеуметтік көмек төлемдері жөніндегі мәліметтер

      Есепті кезең ____________________

Р/с №

Екінші деңгейдегі банктердің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ аударылды

ЕДБ мен "Қазпочта" АҚ қайтарылды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ төленді

Әлеуметтік көмек атауы

алушылардың саны сомасы алушылардың саны сомасы алушылардың саны сомасы
1 2 3 4 5 6 7 8 9
1







2







3













      Орталық филиалдың

      директоры __________________________

      Орталық филиал

      директорының орынбасары __________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады