"Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі арқылы әлеуметтік-еңбек саласының кейбір мемлекеттік қызметтерін проактивті көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 424 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 458/НҚ бірлескен бұйрығы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесі арқылы әлеуметтік-еңбек саласының кейбір мемлекеттік қызметтерін проактивті көрсету жөніндегі пилоттық жоба іске қосылсын.

      2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде және "Е-макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде проактивті нысанда отбасылардың әл-ауқатын мониторингтеу нәтижелері бойынша анықталған алушыларға әлеуметтік-еңбек саласының кейбір мемлекеттік қызметтерін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.

      3. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесі арқылы әлеуметтік-еңбек саласының мемлекеттік қызметтерін әлеуетті алушылардың тізімдерін тұлғасыз түрде сегменттеп және қалыптастырсын.

      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру департаменті және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық трансформация департаменті осы бірлескен бұйрықты өзінің аумақтық органдарының, ведомстволарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және оның күшіне енген күнінен бастап 12 (он екі) ай ішінде қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
____________С. Жақыпова
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
__________________Б. Мусин

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2023 жылғы 3 қазандағы
№ 424
және Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2023 жылғы 3 қазандағы
№ 458/НҚ бірлескен
ұйрығымен
бекітілген

"Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде және "Е-макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде отбасылардың әл-ауқатын мониторингтеу нәтижелері бойынша анықталған алушыларға әлеуметтік-еңбек саласының кейбір мемлекеттік қызметтерін проактивті нысанда көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдау жүйесінде және "Е-макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде отбасылардың әл-ауқатын мониторингтеу нәтижелері бойынша анықталған алушыларға әлеуметтік-еңбек саласының кейбір мемлекеттік қызметтерін проактивті нысанда көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) "Smart Data Ukimet" ақпараттық-талдамалық жүйесіндегі және "Е-макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі проактивті нысанда отбасылардың әл-ауқатын мониторингтеу нәтижелері бойынша анықталған алушыларға "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау", "Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау", "Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау", "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау", "Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау", "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау", "Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау", "Жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

      2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) абоненттік нөмір – басқа абоненттік жабдықпен қосылу сол арқылы орнатылатын шартты жасасқан кезде абоненттің пайдалануына бөлінетін және желіде абонентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін нөмір;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      3) "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) – Қазақстан Республикасы халқының азаматтық хал актілерін белгілі бір оқиғалар (туу, қайтыс болу, неке қию/бұзу, бала асырап алу, әке болуды анықтау және тегін, атын, әкесінің атын өзгерту) бойынша тіркеуге арналған ақпараттық жүйе, бұл ретте жеке тұлғалардың тууы мен қайтыс болуы туралы мәліметтер "Жеке тұлғалар" мемлекеттік базасы" ақпараттық жүйесінде беріледі;

      4) ақпараттық жүйе (бұдан әрі – АЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      5) екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – ЕДБ) – меншігіне, коммерциялық қызметіне қарамастан жүзеге асыратын, жұмыс істеуінің негізгі мақсаты пайда алу болып табылатын заңды тұлға;

      6) "Е-Макет" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-макет" ААЖ – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын электрондық тағайындау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, Республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындауға арналған;

      7) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – азаматтық жай-күйді сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;

      8) "Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлемдерінің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ОДҚ" ААЖ) – Мемлекеттік корпорацияның аумақтық бөлімшелерінің қызметін автоматтандыруға, бірыңғай ақпараттық кеңістік шеңберінде зейнетақылар мен жәрдемақылар алушыларды есепке алу бойынша жедел ақпаратты жинауды жүзеге асыруға, зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды есепке алу үшін орталықтандырылған деректер қоймасын құруға, зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуіне жедел бақылауды жүзеге асыруға, зейнеткерлер мен жәрдемақыларды алушылардың банктік шоттары мақсатты төлемдерді жүргізуге, зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу туралы деректерді талдамалық және статистикалық өңдеуді жүргізуге арналған "Зейнетақылар мен жәрдемақылар төлемдерінің орталықтандырылған деректер қоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

      9) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

      10) қысқа мәтіндік хабар (бұдан әрі – sms-хабар) – ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;

      11) мемлекеттік жәрдемақыларды және (немесе) әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері немесе "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының облыстық филиалдары;

      12) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – ұялы байланыс операторлары ұсынған, жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету және ақпараттық хабарларды жолдау, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын көрсетілетін қызметтерді алушылардың абоненттік нөмірлерінің порталдың есептік жазбасына қосылған қоры;

      13) "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "МОДБ" ААЖ) – мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу, абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар бойынша деректерді сақтау мен өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;

      14) проактивті қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      15) форматты-логикалық бақылау (бұдан әрі – ФЛБ) – мәліметтерді толтырудың дұрыстығы мен түпнұсқалығын тексеру;

      16) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      18) электрондық шешім жобасы (бұдан әрі – ЭШЖ) – жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алушының электрондық шешімінің жобасы;

      19) электрондық іс макеті (бұдан әрі – ЭІМ) – Мемлекеттік корпорация қалыптастыратын алушының электрондық іс макеті;

      20) "Smart Data Ukіmet" ақпараттық-талдамалық жүйесі (бұдан әрі – SDU АТЖ) – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында орналастырылған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметі бойынша талдамалық ақпарат беру мақсаттары үшін деректердің бірыңғай кеңістігін қалыптастыруға арналған ақпараттандыру объектісі.

      Осы Алгоритмде пайдаланылатын барлық өзге терминдер "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында қолданылатын мағынада пайдаланылады.

      3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы іске қосылған ақпараттық жүйелердің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.

      4. Пилоттық жобаға қатысушылар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды (бұдан әрі – Біріңғай талаптар) сақтайды.

      5. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпараттық жүйелердің тараптары – ақпаратты беретін сервистердің иелері қамтамасыз етеді.

2-тарау. "Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      6. "SDU" АТЖ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып, 4-ші және одан да көп баланың (балалардың) туу фактісі туралы ЖТ МДҚ-дан алынған деректер негізінде Туыстық қатынастар сервисі бойынша әлеуетті алушыларды айқындайды, отбасы құрамын жинағаннан кейін "Е-макет" ААЖ және "ОДҚ" ААЖ-да көп балалы отбасыға жәрдемақы тағайындауға өтініштің не қалыптастырылған ЭІМ-нің болуына ФЛБ жүзеге асырады.

      7. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығымен бекітілген Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – № 169 Қағидалар) сәйкес "Е-макет" ААЖ-де және "ОДҚ" ААЖ-де көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындауға өтініштің немесе қалыптастырылған ЭІМ-нің болмаған жағдайда, "SDU" АТЖ әлеуетті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға жібереді.

      8. Мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – МО) АЖ-дан мәліметтер расталған жағдайда, "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      9. "Е-Макет" ААЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін ала отырып, көрсетілетін проактивті қызмет шеңберінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ жүзеге асырады.

      10. Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ өткен көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ "SDU" АТЖ-ға "Тиісті" мәртебесін жібереді.

      11. Осы Алгоритм 2-тарауының 9-тармағында көрсетілген тексерулердің нәтижесі теріс болған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ процесті аяқтайды және себебін көрсете отырып, "SDU" АТЖ-ға "Тиісті емес" мәртебесін береді.

      12. "SDU" АТЖ-дан алынған "Тиісті" мәртебесі бар әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар тізімін ЭҮП-ке көрсетілетін қызметті алушының МАБ-тағы абоненттік нөмірінің бар-жоғына тексеру жүргізу үшін жібереді.

      13. МАБ-та абоненттік нөмір болмаған жағдайда ЭҮП тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

      14. Мәртебелер бойынша өзара іс-қимыл форматтары Регламентте көзделген.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының МАБ-та абоненттік нөмірі болған жағдайда ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсету үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабар жіберуге бастамашылық жасайды.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде "SDU" АТЖ процесті аяқтайды.

      17. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алған жағдайда "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      18. "Е-Макет" ААЖ проактивті түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге келісе отырып, әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ АЖ-да банктік шотының болуына сұрау салу жібереді.

      19. ЕДБ АЖ-дан мәліметтерді алғаннан кейін "Е-Макет" ААЖ мынадай:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушыда бір ЕДБ-де банктік шот табылса, көрсетілген ЕДБ-нің банктік шотына тағайындалған соманы есепке алуға келісім беру кезінде проактивті қызметті алу мүмкіндігі, сондай-ақ осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған басқа ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушыда әр түрлі ЕДБ-де бірнеше банктік шоттар табылса, осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен проактивті қызмет алу және оның шотына көпбалалы отбасыға тағайындалған жәрдемақы сомасы есептелетін ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      3) банктік шот болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес ұсынылған тізімнен Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде банктік шот ашу және проактивті қызмет алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлардың бірін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне SMS-шлюз арқылы жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауап күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 3 жұмыс күні.

      20. Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабарлама жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы және қызметтер іске асырылған кезде ЭҮП, "eGov mobile" және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы көпбалалы отбасыға жәрдемақыға өтінім беру мүмкіндігі туралы SMS-хабар жіберіледі.

      21. Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде шот ашу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-Макет" ААЖ шоттарды өзектендіру бойынша және сұрау салу-жауап режимінде шотты іздеу бойынша ЕДБ сервистерінің мониторингін SMS-хабарлар жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      22. Егер көрсетілетін қызметті алушы ЕДБ-нің бірінде Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен банктік шот ашқан жағдайда, "Е-Макет" ААЖ көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау және төлемді жүзеге асыру үшін автоматты түрде ашылған банктік шотты таңдайды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес SMS-хабар жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады.

      23. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардан келісім алған және банктік шотты таңдаған кезде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде:

      1) проактивті нысанда мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық өтінімді қалыптастырады;

      2) электрондық өтінімді тіркеуді жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ЭІМ-мен ЭШЖ қалыптастырады және уәкілетті органға береді.

      24. Уәкілетті органға мемлекеттік қызмет көрсету туралы ЭШЖ-мен ЭІМ келіп түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде шешім жобасымен ЭІМ мемлекеттік қызметтерін тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дұрыстығын қарайды, тексереді және көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      25. Бұл ретте, егер мемлекеттік қызметті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін электрондық өтінімдер бойынша ЭІМ-ға қосымша құжаттарды (мәліметтерді) қосу қажеттілігі анықталса, уәкілетті орган "Е-макет" ААЖ арқылы ЭІМ-ді мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады. Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды жете рәсімдеу қажеттілігі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушыға автоматтандырылған режимде sms-хабар жіберіледі.

      26. Мемлекеттік корпорация ЭІМ-ді өтініш беруші ұсынған қосымша құжаттармен олар Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне келіп түскен күннен кейін екі жұмыс күні ішінде толықтырады және оны уәкілетті органға жібереді.

      Жете рәсімдеу мерзімі уәкілетті орган ЭІМ жете ресімдеуге жіберген күннен бастап 30 жұмыс күнінен аспайды. Егер 25 жұмыс күні ішінде талап етілетін құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы ұсынбаса, уәкілетті орган көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      27. Қарау, төлеуге қою процесі мен мерзімдері № 169 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      28. Уәкілетті орган көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін "Е-макет" ААЖ көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы SMS-хабар арқылы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

3-тарау. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      29. "SDU" АТЖ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып, "Е-Макет" ААЖ-да және "ОДҚ" ААЖ-да мемлекеттік награда беру фактісі туралы МО АЖ-дан алынған деректер негізінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны (бұдан әрі – көпбалалы аналарға жәрдемақы) тағайындауға өтініштің немесе қалыптастырылған ЭІМ-нің болуына ФЛБ жүзеге асырады.

      30. № 169 Қағидаларға сәйкес көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға "Е-макет" ААЖ-де және "ОДҚ" ААЖ-де көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға өтініштің немесе қалыптастырылған ЭІМ-нің болмаған жағдайда, "SDU" АТЖ әлеуетті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-не жібереді.

      31. Мемлекеттік органдардың АЖ мәліметтері расталған жағдайда, "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет"ААЖ-ға береді.

      32. "Е-Макет" ААЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін ала отырып, көрсетілетін проактивті қызмет шеңберінде Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ жүзеге асырады.

      33. Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ расталған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ "SDU" АТЖ-ға "Тиісті" мәртебесін жібереді.

      34. Осы Алгоритмнің 3-тарауының 32-тармағында көрсетілген тексерулердің нәтижесі теріс алынған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ процесті аяқтайды және себебін көрсете отырып, "SDU" АТЖ-ға "Тиісті емес" мәртебесін береді.

      35. "SDU" АТЖ-дан алынған "Тиісті" мәртебесі бар әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар тізімін ЭҮП-ке көрсетілетін қызметті алушының МАБ-тағы абоненттік нөмірінің бар-жоғына тексеру жүргізу үшін жібереді.

      36. МАБ-та абоненттік нөмір болмаған жағдайда ЭҮП тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

      37. Мәртебелер бойынша өзара іс-қимыл форматтары Регламентте көзделген.

      38. Көрсетілетін қызметті алушының МАБ-та абоненттік нөмірі болған жағдайда ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсету үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабар жіберуге бастамашылық жасайды.

      39. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде "SDU" АТЖ процесті аяқтайды.

      40. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алған жағдайда "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      41. "Е-Макет" ААЖ проактивті түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге келісе отырып, әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ АЖ-да банктік шотының болуына сұрау салу жібереді.

      42. ЕДБ АЖ-дан мәліметтерді алғаннан кейін "Е-Макет" ААЖ мынадай SMS-хабарлардың бірін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне SMS-шлюз арқылы жібереді:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушыда бір ЕДБ-де банктік шот табылса, көрсетілген ЕДБ-нің банктік шотына тағайындалған соманы есепке алуға келісім беру кезінде проактивті қызметті алу мүмкіндігі, сондай-ақ осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ-мен интеграция іске асырылған басқа ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушыда әр түрлі ЕДБ-де бірнеше банктік шоттар табылса, осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен проактивті қызмет алу және оның шотына көпбалалы аналарға тағайындалған жәрдемақы сомасы есептелетін ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      3) банктік шот болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес ұсынылған тізімнен Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде банктік шот ашу және проактивті қызмет алу мүмкіндігі туралы SMS-хабар жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 3 жұмыс күні.

      43. Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы және қызметтер іске асырылған кезде ЭҮП, "eGov mobile" және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы көпбалалы аналарға жәрдемақы өтінім беру мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

      44. Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде шот ашу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-Макет" ААЖ шоттарды өзектендіру бойынша және сұрау салу-жауап режимінде шотты іздеу бойынша ЕДБ сервистерінің мониторингін SMS-хабарлар жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      45. Егер көрсетілетін қызметті алушы ЕДБ-нің бірінде Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен банктік шот ашқан жағдайда, "Е-Макет" ААЖ көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау және төлемді жүзеге асыру үшін автоматты түрде ашылған банктік шотты таңдайды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады.

      46. Әлеуетті алушылардан келісім алған және банктік шотты таңдаған кезде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде:

      1) проактивті нысанда мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық өтінімді қалыптастырады;

      2) электрондық өтінімді тіркеуді жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ЭІМ-мен ЭШЖ қалыптастырады;

      4) уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы ЭШЖ бекітеді;

      5) уәкілетті органның түпкілікті электрондық шешімін "ОДҚ" ААЖ-ға төлеуге қоюды жүзеге асырады.

      47. Көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін "Е-макет" ААЖ көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы SMS-хабар арқылы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

4-тарау. Проактивті нысанда "Жерлеуге арналған бір жолғы төлемді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      48. "SDU" АТЖ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарды сақтай отырып, жеке тұлғаның қайтыс болу фактісі туралы ЖТ МДҚ алынған деректер негізінде қайтыс болған адам бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 256 бұйрығымен бекітілген Республикалық бюджет қаражатынан жерлеуге бір жолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – № 256 Қағидалар) сәйкес "Е-макет" ААЖ және "ОДҚ" ААЖ деректері негізінде тексеру жүргізеді.

      49. Қайтыс болған адамда бюджет қаражаты есебінен тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы төлемдері, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар (бұдан әрі – зейнетақылар/жәрдемақылар) болмаған жағдайда, сондай-ақ егер қайтыс болған адамның қайтыс болғаны туралы ЖТ МДҚ-дан мәліметтер келіп түскен сәтте зейнетақылар/жәрдемақылар алушы қайтыс болғаннан бір айдан кейін үш жылдан астам уақыт өтсе қызмет көрсету процесі аяқталады.

      50. Қайтыс болған адамда зейнетақылар/жәрдемақылар тағайындалған болған жағдайда, сондай-ақ егер қайтыс болған адамның қайтыс болғаны туралы ЖТ МДҚ-дан мәліметтер келіп түскен сәтте зейнетақылар/жәрдемақылар алушы қайтыс болғаннан бір айдан кейін үш жылдан астам уақыт өтпесе АХАЖ АЖ деректері негізінде "SDU" АТЖ жеке тұлғаның қайтыс болғаны туралы акт жазбасын тіркеуге өтініш берген адам туралы мәліметтерді алады.

      51. АХАЖ АЖ-да жеке тұлғаның қайтыс болғаны туралы акт жазбасын тіркеуге өтініш білдірген адам туралы мәліметтер болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Бекітілген халық тіркелімі" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БХТ АЖ) деректерінің негізінде "SDU" АТЖ қайтыс болған адамның денесін алып кеткен адам туралы мәліметтерді алады.

      52. АХАЖ АЖ немесе БХТ АЖ арқылы алынған деректер бойынша ЖТ МДҚ деректері негізінде "SDU" АТЖ қайтыс болған адам мен қайтыс болу туралы акт жазбасын тіркеуге жүгінген немесе қайтыс болған адамның денесін алып кеткен адамның туыстық қатынастарын айқындайды.

      Егер туыстық қатынастар расталмаған жағдайда қызмет көрсету процесі аяқталады.

      53. Әлеуетті алушылар анықталғаннан кейін "SDU" АТЖ "Е-Макет" ААЖ және "ОДҚ" ААЖ-да жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға қалыптастырылған өтініштің немесе ЭІМ болуына Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңын сақтай отырып ФЛБ жүзеге асырады.

      54. Жерлеуге біржолғы төлем тағайындауға өтініштің немесе "Е-макет" ААЖ-да және "ОДҚ" ААЖ-да қалыптастырылған ЭІМ-нің жоқтығын тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда, сондай-ақ № 256 Қағидаларға сәйкес проактивті мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді растау үшін "SDU" АТЖ әлеуетті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға жібереді.

      55. Мемлекеттік органдардың АЖ мәліметтері расталған жағдайда, "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет"ААЖ-ға береді.

      56. "Е-Макет" ААЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін ала отырып, көрсетілетін проактивті қызмет шеңберінде ҚР Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ жүзеге асырады.

      57. Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ расталған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ "SDU" АТЖ-ға "Тиісті" мәртебесін жібереді.

      58. Осы Алгоритмнің 4-тарауының 56-тармағында көрсетілген тексерулердің нәтижесі теріс алынған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ процесті аяқтайды және себебін көрсете отырып, "SDU" АТЖ-ға "Тиісті емес" мәртебесін береді.

      59. "SDU" АТЖ-дан алынған "Тиісті" мәртебесі бар әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар тізімін ЭҮП-ке көрсетілетін қызметті алушының МАБ-тағы абоненттік нөмірінің бар-жоғына тексеру жүргізу үшін жібереді.

      60. МАБ-та абоненттік нөмір болмаған жағдайда ЭҮП тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

      61. Мәртебелер бойынша өзара іс-қимыл форматтары Регламентте көзделген.

      62. Көрсетілетін қызметті алушының МАБ-та абоненттік нөмірі болған жағдайда ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсету үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабар жіберуге бастамашылық жасайды.

      63. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде "SDU" АТЖ процесті аяқтайды.

      64. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алған жағдайда "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      65. "Е-Макет" ААЖ проактивті түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге келісе отырып, әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ АЖ-да банктік шотының болуына сұрау салу жібереді.

      66. ЕДБ АЖ-дан мәліметтерді алғаннан кейін "Е-Макет" ААЖ мынадай SMS-хабарлардың бірін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне SMS-шлюз арқылы жібереді:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушыда бір ЕДБ-де банктік шот табылса, көрсетілген ЕДБ-нің банктік шотына тағайындалған соманы есепке алуға келісім беру кезінде проактивті қызметті алу мүмкіндігі, сондай-ақ осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған басқа ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушыда әр түрлі ЕДБ-де бірнеше банктік шоттар табылса, осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен проактивті қызмет алу және оның шотына жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындалған жәрдемақы сомасы есептелетін ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      3) банктік шот болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес ұсынылған тізімнен Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде банктік шот ашу және проактивті қызмет алу мүмкіндігі туралы SMS-хабар жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 3 жұмыс күні.

      67. Егер көрсетілетін қызметті алушы жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде SMS-хабарға жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы және қызметтер іске асырылған кезде ЭҮП, "eGov mobile" және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы жерлеуге арналған біржолғы төлемге өтінім беру мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

      68. Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде шот ашу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлар жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-Макет" ААЖ шоттарды өзектендіру бойынша және сұрау салу-жауап режимінде шотты іздеу бойынша ЕДБ сервистерінің мониторингін SMS-хабарлар жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      69. Егер көрсетілетін қызметті алушы ЕДБ-нің бірінде Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен банктік шот ашқан жағдайда, "Е-Макет" ААЖ жерлеуге арналған біржолғы төлемді жүзеге асыру үшін автоматты түрде ашылған банктік шотты таңдайды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады.

      70. Мәліметтерді салыстыру нәтижелері бойынша және әлеуетті алушылардан келісім алған және банктік шотты таңдаған кезде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде:

      1) проактивті нысанда мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық өтінімді қалыптастырады;

      2) электрондық өтінімді тіркеуді жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ЭІМ-мен ЭШЖ қалыптастырады;

      4) уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы ЭШЖ бекітеді;

      5) 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап "ОДҚ" ААЖ-ға төлеуге уәкілетті органның түпкілікті электрондық шешімін қоюды жүзеге асырады.

      71. Уәкілетті орган жерлеуге біржолғы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін "Е-макет" ААЖ көрсетілетін қызметті алушыны жерлеуге біржолғы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы SMS-хабар арқылы хабардар етеді және тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

5-тарау. "Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      72. "SDU" АТЖ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып, мүгедектікті белгілеу фактісі туралы "МОДБ" ААЖ-дан алынған деректердің негізінде "Е-макет" ААЖ және "ОДҚ" ААЖ-ға келіп түскен өтініштің және қалыптастырылған ЭІМ-нің болуына ФЛБ жүзеге асырады.

      73. "Е-Макет" ААЖ-де және "ОДҚ" ААЖ-де мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға (бұдан әрі – мүгедектік бойынша жәрдемақы) өтініштің немесе қалыптастырылған ЭІМ-нің бар-жоғын тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 бұйрығымен бекітілген мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларға (бұдан әрі – № 257) сәйкес проактивті мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді растау оң нәтиже берген жағдайда, "SDU" ААЖ әлеуетті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" АЖ-ға береді.

      74. МО АЖ-дан мәліметтер расталған жағдайда, "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      75. "Е-Макет" ААЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін ала отырып, көрсетілетін проактивті қызмет шеңберінде Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ жүзеге асырады.

      76. Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ расталған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ "SDU" АТЖ-ға "Тиісті" мәртебесін жібереді.

      77. Осы Алгоритмнің 5-тарауының 75-тармағында көрсетілген тексерулердің нәтижесі теріс алынған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ процесті аяқтайды және себебін көрсете отырып, "SDU" АТЖ-ға "Тиісті емес" мәртебесін береді.

      78. "SDU" АТЖ-дан алынған "Тиісті" мәртебесі бар әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар тізімін ЭҮП-ке көрсетілетін қызметті алушының МАБ-тағы абоненттік нөмірінің бар-жоғына тексеру жүргізу үшін жібереді.

      79. МАБ-та абоненттік нөмір болмаған жағдайда ЭҮП тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

      80. Мәртебелер бойынша өзара іс-қимыл форматтары Регламентте көзделген.

      81. Көрсетілетін қызметті алушының МАБ-та абоненттік нөмірі болған жағдайда ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсету үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабар жіберуге бастамашылық жасайды.

      82. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде "SDU" АТЖ процесті аяқтайды.

      83. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алған жағдайда "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      84. "Е-Макет" ААЖ проактивті түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге келісе отырып, әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ АЖ-да банктік шотының болуына сұрау салу жібереді.

      85. ЕДБ АЖ-дан мәліметтерді алғаннан кейін "Е-Макет" ААЖ мынадай SMS-хабарламалардың бірін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне SMS-шлюз арқылы жібереді:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушыда бір ЕДБ-де банктік шот табылса, көрсетілген ЕДБ-нің банктік шотына тағайындалған соманы есепке алуға келісім беру кезінде проактивті қызметті алу мүмкіндігі, сондай-ақ осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ-мен интеграция іске асырылған басқа ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушыда әр түрлі ЕДБ-де бірнеше банктік шоттар табылса, осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен проактивті қызмет алу және оның шотына мүгедектік бойынша тағайындалған жәрдемақы сомасы есептелетін ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      3) банктік шот болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес ұсынылған тізімнен Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде банктік шот ашу және проактивті қызмет алу мүмкіндігі туралы SMS-хабар жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 3 жұмыс күні.

      86. Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы және қызметтер іске асырылған кезде ЭҮП, "eGov mobile" және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы (немесе) әлеуметтік төлемдерге өтінім беру мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

      87. Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде шот ашу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлар жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-Макет" ААЖ шоттарды өзектендіру бойынша және сұрау салу-жауап режимінде шотты іздеу бойынша ЕДБ сервистерінің мониторингін SMS-хабарлар жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      88. Егер көрсетілетін қызметті алушы ЕДБ-нің бірінде Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен банктік шот ашқан жағдайда, "Е-Макет" ААЖ мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау және төлемді жүзеге асыру үшін автоматты түрде ашылған банктік шотты таңдайды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабара жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады.

      89. Әлеуетті алушылардан келісім алған және банктік шотты таңдаған кезде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде проактивті форматта мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау (жалпы ауру мен еңбек жарақатының себептерінен басқа) бойынша өтінімді қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне және уәкілетті органға тағайындау не бас тарту туралы шешімді қарау және қабылдау үшін жібереді.

      90. Уәкілетті орган ЭМҚ-ны қарайды және әлеуметтік еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбелерімен бекітілген мерзімдерге сәйкес мүгедектігі бойынша жәрдемақыны (жалпы сырқаттану және еңбек жарақаты себептерінен басқа) тағайындау не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Жалпы сырқаттану және еңбек жарақаты себептері бойынша мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау кезінде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде:

      1) электрондық өтінімді тіркеуді жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ЭІМ-мен ЭШЖ қалыптастырады;

      3) уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы арқылы ЭШЖ бекітеді;

      4) "ОДҚ" ААЖ-ға төлеуге уәкілетті органның түпкілікті электрондық шешімін қоюды жүзеге асырады.

      91. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау тәртібі мен мерзімдері № 257 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      92. Уәкілетті орган мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) және (немесе) әлеуметтік төлемдер туралы шешім қабылдағаннан кейін "Е-макет" ААЖ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы SMS-хабар арқылы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

6-тарау. "Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызметтерін проактивті нысанда көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      93. "SDU" АТЖ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып, мүгедектікті белгілеу фактісі туралы "МОДБ" ААЖ-дан алынған деректердің негізінде көрсетілетін қызметті алушыда әлеуметтік аударымдардың болуына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуына, "Е-макет" ААЖ-да және "ОДҚ" ААЖ-ға келіп түскен өтініштің, қалыптастырылған ЭІМ-нің болуына ФЛБ жүзеге асырады.

      94. "Е-Макет" ААЖ-да және "ОДҚ" ААЖ-да еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініштің немесе қалыптастырылған ЭІМ-нің бар-жоғын тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 238 бұйрығымен бекітілген Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына (бұдан әрі – № 238 Қағидалар) сәйкес проактивті мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді растау оң нәтиже берген жағдайда, "SDU" ААЖ әлеуетті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" АЖ-ға береді.

      95. МО АЖ-дан мәліметтер расталған жағдайда, "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      96. "Е-Макет" ААЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін ала отырып, көрсетілетін проактивті қызмет шеңберінде Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ жүзеге асырады.

      97. Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ расталған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ "SDU" АТЖ-ға "Тиісті" мәртебесін жібереді.

      98. Осы Алгоритмнің 6-тарауының 96-тармағында көрсетілген тексерулердің нәтижесі теріс алынған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ процесті аяқтайды және себебін көрсете отырып, "SDU" АТЖ-ға "Тиісті емес" мәртебесін береді.

      99. "SDU" АТЖ-дан алынған "Тиісті" мәртебесі бар әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар тізімін ЭҮП-ке көрсетілетін қызметті алушының МАБ-тағы абоненттік нөмірінің бар-жоғына тексеру жүргізу үшін жібереді.

      100. МАБ-та абоненттік нөмір болмаған жағдайда ЭҮП тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

      101. Мәртебелер бойынша өзара іс-қимыл форматтары Регламентте көзделген.

      102. Көрсетілетін қызметті алушының МАБ-та абоненттік нөмірі болған жағдайда ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсету үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабар жіберуге бастамашылық жасайды.

      103. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде "SDU" АТЖ процесті аяқтайды.

      104. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алған жағдайда "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      105. "Е-Макет" ААЖ проактивті түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге келісе отырып, әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ АЖ-да банктік шотының болуына сұрау салу жібереді.

      106. ЕДБ АЖ-дан мәліметтерді алғаннан кейін "Е-Макет" ААЖ мынадай SMS-хабарлардың бірін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне SMS-шлюз арқылы жібереді:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушыда бір ЕДБ-де банктік шот табылса, көрсетілген ЕДБ-нің банктік шотына тағайындалған соманы есепке алуға келісім беру кезінде проактивті қызметті алу мүмкіндігі, сондай-ақ осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ-мен интеграция іске асырылған басқа ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушыда әр түрлі ЕДБ-де бірнеше банктік шоттар табылса, осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен проактивті қызмет алу және оның шотына еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем сомасы есептелетін ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      3) банктік шот болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес ұсынылған тізімнен Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде банктік шот ашу және проактивті қызмет алу мүмкіндігі туралы SMS-хабар жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 3 жұмыс күні.

      107. Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы және қызметтер іске асырылған кезде ЭҮП, "eGov mobile" және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы (немесе) әлеуметтік төлемдерге өтінім беру мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

      108. Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде шот ашу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлар жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-Макет" ААЖ шоттарды өзектендіру бойынша және сұрау салу-жауап режимінде шотты іздеу бойынша ЕДБ сервистерінің мониторингін SMS-хабарлар жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      109. Егер көрсетілетін қызметті алушы ЕДБ-нің бірінде Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен банктік шот ашқан жағдайда, "Е-Макет" ААЖ еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау және төлемді жүзеге асыру үшін автоматты түрде ашылған банктік шотты таңдайды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады.

      110. Әлеуетті алушылардан келісім алған және банктік шотты таңдаған кезде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде:

      1) электрондық өтінімді тіркеуді жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ЭІМ мен ЭШЖ қалыптастырады және қарауға және шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.

      111. Уәкілетті орган ЭІМ келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде ЭІМ мен ЭШЖ-ны қарайды және еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      112. Егер еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін электрондық өтінімдер бойынша ЭІМ-ді қосымша құжаттарды (мәліметтерді) қосу қажеттілігі анықталса, уәкілетті орган "Е-макет" ААЖ арқылы ЭІМ-ді мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады, бұл ретте өтініш берушіге әлеуметтік төлем тағайындауға арналған құжаттарды жете рәсімдеу қажеттілігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама жіберіледі.

      113. Мемлекеттік корпорация ЭІМ-ді өтініш беруші ұсынған қосымша құжаттармен олар Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне келіп түскен күннен кейін екі жұмыс күні ішінде толықтырады және оны уәкілетті органға жібереді.

      Жете рәсімдеу мерзімі уәкілетті орган ЭІМ жете ресімдеуге жіберген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды.

      114. Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі мен мерзімдері № 238 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      115. Уәкілетті орган жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) және (немесе) әлеуметтік төлемдер туралы шешім қабылдағаннан кейін "Е-макет" ААЖ көрсетілетін қызметті алушыны еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы SMS-хабар арқылы хабардар етеді және тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

7-тарау. "Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      116. "SDU" АТЖ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып, нақты уақыт режимінде мүгедектікті белгілеу фактісі туралы "МОДБ" ААЖ-дан алынған деректердің негізінде "Е-макет" ААЖ-да және "ОДҚ" ААЖ-да анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындауға келіп түскен өтініштің, қалыптастырылған ЭІМ-нің болуына, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге (бұдан әрі – мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы) және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҰББДҚ АЖ) мүгедектігі бар баланың балалар үйінде тұруына ФЛБ жүзеге асырады.

      117. "Е-макет" ААЖ-де және "ОДҚ" ААЖ-де мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындауға өтініштің немесе қалыптастырылған ЭІМ-нің бар-жоғын тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 215 бұйрығымен бекітілген Мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларына (бұдан әрі – № 215 Қағидалар) сәйкес, проактивті мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді растау оң нәтиже берген жағдайда "SDU" АТЖ әлеуетті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға жібереді.

      118. МО АЖ мәліметтер расталған жағдайда, "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      119. "Е-Макет" ААЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін ала отырып, көрсетілетін проактивті қызмет шеңберінде ҚР Ебекмині жүйелерінің деректері бойынша ФЛБ жүзеге асырады.

      120. Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ расталған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ "SDU" АТЖ-ға "Тиісті" мәртебесін жібереді.

      121. Осы Алгоритмнің 7-тарауының 119-тармағында көрсетілген тексерулердің нәтижесі теріс алынған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ процесті аяқтайды және себебін көрсете отырып, "SDU" АТЖ-ға "Тиісті емес" мәртебесін береді.

      122. "SDU" АТЖ-дан алынған "Тиісті" мәртебесі бар әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар тізімін ЭҮП-ке көрсетілетін қызметті алушының МАБ-тағы абоненттік нөмірінің бар-жоғына тексеру жүргізу үшін жібереді.

      123. МАБ-та абоненттік нөмір болмаған жағдайда ЭҮП тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

      124. Мәртебелер бойынша өзара іс-қимыл форматтары Регламентте көзделген.

      125. Көрсетілетін қызметті алушының МАБ-та абоненттік нөмірі болған жағдайда ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсету үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабар жіберуге бастамашылық жасайды.

      126. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде "SDU" АТЖ процесті аяқтайды.

      127. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алған жағдайда "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      128. "Е-Макет" ААЖ проактивті түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге келісе отырып, әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ АЖ-да банктік шотының болуына сұрау салу жібереді.

      129. ЕДБ АЖ-дан мәліметтерді алғаннан кейін "Е-Макет" ААЖ мынадай SMS-хабарлардың бірін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне SMS-шлюз арқылы жібереді:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушыда бір ЕДБ-де банктік шот табылса, көрсетілген ЕДБ-нің банктік шотына тағайындалған соманы есепке алуға келісім беру кезінде проактивті қызметті алу мүмкіндігі, сондай-ақ осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған басқа ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушыда әр түрлі ЕДБ-де бірнеше банктік шоттар табылса, осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен проактивті қызмет алу және оның шотына мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалған сомасы есептелетін ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      3) банктік шот болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес ұсынылған тізімнен Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде банктік шот ашу және проактивті қызмет алу мүмкіндігі туралы SMS-хабар жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 3 жұмыс күні.

      130. Егер көрсетілетін қызметті алушы жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде SMS-хабарға жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы және қызметтер іске асырылған кезде ЭҮП, "eGov mobile" және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыға өтінім беру мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

      131. Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде шот ашу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-Макет" ААЖ шоттарды өзектендіру бойынша және сұрау салу-жауап режимінде шотты іздеу бойынша ЕДБ сервистерінің мониторингін SMS-хабарламалар жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      132. Егер көрсетілетін қызметті алушы ЕДБ-нің бірінде Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен банктік шот ашқан жағдайда, "Е-Макет" ААЖ мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындау және жүзеге асыру үшін автоматты түрде ашық банктік шотты таңдайды (белгіленген соманы көрсетілген ЕДБ банктік шотына аударуға немесе басқа ЕДБ-ні таңдауға келісім).

      Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады.

      133. Әлеуетті алушылардан келісім алған және банктік шотты таңдаған кезде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде проактивті форматта мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға арналған өтінімді проактивті нысанда автоматты түрде қалыптастырады және Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне және уәкілетті органға қарауға және жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жібереді.

      134. Уәкілетті орган ЭІМ қарайды және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың бекітілген тізбелеріне сәйкес мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      135. Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) тәртібі мен мерзімдері № 215 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      136. Уәкілетті орган мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдағаннан кейін "Е-макет" ААЖ көрсетілетін қызметті алушыға SMS-хабар арқылы хабардар етеді және тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

8-тарау. "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау" және "Асыраушысынан айырылу жағдайы әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызметтерді проактивті нысанда көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

      137. "SDU" АТЖ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып, нақты уақыт режимінде ЖТ МДҚ-дан қайтыс болу фактісі туралы алынған деректер негізінде "SDU" АТЖ туыстық қатынастар сервисі бойынша қайтыс болған адам бойынша әлеуетті алушылар мен асырауындағыларды айқындайды, кейін қайтыс болған адамда әлеуметтік аударымдардың болуына , міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуына, "Е-макет" ААЖ және "ОДҚ" ААЖ-да келіп түскен өтініштің болуына, қайтыс болған адам бойынша.қалыптастырылған ЭІМ-нің болуына ФЛБ жүзеге асырады.

      138. "Е-макет" ААЖ-де және ОДБ ААЖ-де асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініштің қалыптастырылған ЭІМ-ның жоқтығын тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді есептеу, мөлшерлерін айқындау, тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және қайта қарау қағидаларына (бұдан әрі – № 239 Қағидалар) және № 257 Қағидаларына сәйкес "Е-макет" ААЖ-ға әлеуетті алушылардың қалыптастырылған тізімін жолдайды.

      139. МО АЖ-дан мәліметтер расталған жағдайда, "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      140. "Е-Макет" ААЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін ала отырып, көрсетілетін проактивті қызмет шеңберінде Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ жүзеге асырады.

      141. Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ расталған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ "SDU" АТЖ-ға "Тиісті" мәртебесін жібереді.

      142. Осы Алгоритмнің 8-тарауының 140-тармағында көрсетілген тексерулердің нәтижесі теріс алынған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ процесті аяқтайды және себебін көрсете отырып, "SDU" АТЖ-ға "Тиісті емес" мәртебесін береді.

      143. "SDU" АТЖ-дан алынған "Тиісті" мәртебесі бар әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар тізімін ЭҮП-ке көрсетілетін қызметті алушының МАБ-тағы абоненттік нөмірінің бар-жоғына тексеру жүргізу үшін жібереді.

      144. МАБ-та абоненттік нөмір болмаған жағдайда ЭҮП тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

      145. Мәртебелер бойынша өзара іс-қимыл форматтары Регламентте көзделген.

      146. Көрсетілетін қызметті алушының МАБ-та абоненттік нөмірі болған жағдайда ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсету үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабар жіберуге бастамашылық жасайды.

      147. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде "SDU" АТЖ процесті аяқтайды.

      148. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алған жағдайда "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      149. "Е-Макет" ААЖ проактивті түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге келісе отырып, әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ АЖ-да банктік шотының болуына сұрау салу жібереді.

      150. ЕДБ АЖ-дан мәліметтерді алғаннан кейін "Е-Макет" ААЖ мынадай:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушыда бір ЕДБ-де банктік шот табылса, көрсетілген ЕДБ-нің банктік шотына тағайындалған соманы есепке алуға келісім беру кезінде проактивті қызметті алу мүмкіндігі, сондай-ақ осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ-мен интеграция іске асырылған басқа ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушыда әр түрлі ЕДБ-де бірнеше банктік шоттар табылса, осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен проактивті қызмет алу және оның шотына асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған сомасы есептелетін ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      3) банктік шот болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес ұсынылған тізімнен Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде банктік шот ашу және проактивті қызмет алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлардың бірін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне SMS-шлюз арқылы.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 3 жұмыс күні.

      151. Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы және қызметтер іске асырылған кезде ЭҮП, "eGov mobile" және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтінім беру мүмкіндігі туралы SMS-хабар жіберіледі.

      152. Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде шот ашу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлар жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-Макет" ААЖ шоттарды өзектендіру бойынша және сұрау салу-жауап режимінде шотты іздеу бойынша ЕДБ сервистерінің мониторингін SMS-хабарлар жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      153. Егер көрсетілетін қызметті алушы ЕДБ-нің бірінде Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен банктік шот ашқан жағдайда, "Е-Макет" ААЖ асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайы әлеуметтік төлем тағайындау және төлемді жүзеге асыру үшін автоматты түрде ашылған банктік шотты таңдайды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады.

      154. Әлеуетті алушылардан келісім алған және банктік шотты таңдаған кезде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде проактивті форматта асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға арналған өтінімді проактивті нысанда автоматты түрде қалыптастырады және Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне және уәкілетті органға қарауға және жәрдемақы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жібереді.

      155. Уәкілетті орган № 257 Қағидаларға сәйкес ЭІМ-ді қарайды және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      156. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау кезінде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде:

      1) электрондық өтінімді тіркеуді жүзеге асырады;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ЭШЖ-мен ЭІМ қалыптастырады және қарауға және шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.

      157. Уәкілетті орган № 239 Қағидаларға сәйкес ЭІМ-ді қарайды және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      158. Егер асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін электрондық өтінімдер бойынша ЭІМ қосымша құжаттарды (мәліметтерді) қосу қажеттілігі анықталса, уәкілетті орган "Е-макет" ААЖ арқылы ЭІМ-ді Мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады, бұл ретте өтініш берушіге асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға арналған құжаттарды жете рәсімдеу қажеттілігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама жіберіледі.

      159. Мемлекеттік корпорация ЭІМ өтініш беруші ұсынған қосымша құжаттармен олар Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне келіп түскен күннен кейін екі жұмыс күні ішінде толықтырады және оны уәкілетті органға жібереді.

      Ресімдеуге дейінгі мерзім уәкілетті орган ЭІМ жете рәсімдеуге жіберген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды.

      160. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі мен мерзімдері № 239 Қағидаларға және № 257 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      161. "Е-макет" ААЖ көрсетілетін қызметті алушыны асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім бекіткеннен кейін SMS-хабар арқылы хабардар етеді және тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

9-тарау. "Жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау" мемлекеттік қызметін проактивті нысанда көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібі

      162. "SDU" АТЖ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтай отырып, № 385/НҚ бұйрыққа сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ-дан жеке тұлғаның жұмыссыз ретінде тіркеу фактісі туралы алынған деректер негізінде әлеуметтік аударымдардың болуына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың қажетті өтілінің болуына, сондай-ақ Регламентке сәйкес "Е-Макет" ААЖ-де және "ОДҚ" ААЖ-да жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға өтініштің немесе қалыптастырылған ЭІМ болуына ФЛБ жүзеге асырады.

      163. "Е-макет" ААЖ-де және "ОДҚ" ААЖ-де әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініштің немесе қалыптастырылған ЭІМ-нің жоқ болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 237 бұйрығымен бекітілген жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына (бұдан әрі – № 237 Қағидалар) сәйкес проактивті қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді растау оң нәтиже берген жағдайда "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      164. МО АЖ-дан мәліметтер расталған жағдайда, "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың қалыптастырылған тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      165. "Е-Макет" ААЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін ала отырып, көрсетілетін проактивті қызмет шеңберінде Еңбекмині АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ жүзеге асырады.

      166. Еңбекминні АЖ-ның деректері бойынша ФЛБ өткен көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ "SDU" АТЖ-ға "Тиісті" мәртебесін жібереді.

      167. Осы Алгоритмнің 9-тарауының 165-тармағында көрсетілген тексерулердің нәтижесі теріс алынған көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-макет" ААЖ процесті аяқтайды және себебін көрсете отырып, "SDU" АТЖ-ға "Тиісті емес" мәртебесін береді.

      168. "SDU" АТЖ-дан алынған "Тиісті" мәртебесі бар әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылар тізімін ЭҮП-ке көрсетілетін қызметті алушының МАБ-тағы абоненттік нөмірінің бар-жоғына тексеру жүргізу үшін жібереді.

      169. МАБ-та абоненттік нөмір болмаған жағдайда ЭҮП тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

      170. Мәртебелер бойынша өзара іс-қимыл форматтары Регламентте көзделген.

      171. Көрсетілетін қызметті алушының МАБ-та абоненттік нөмірі болған жағдайда ЭҮП көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсету үшін дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік сервисі арқылы осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес SMS-хабар жіберуге бастамашылық жасайды.

      172. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде "SDU" АТЖ процесті аяқтайды.

      173. Әлеуетті көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алған жағдайда "SDU" АТЖ әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімін "Е-Макет" ААЖ-ға береді.

      174. "Е-Макет" ААЖ проактивті түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге келісе отырып, әлеуетті көрсетілетін қызметті алушылардың тізімдерін алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ АЖ-да банктік шотының болуына сұрау салу жібереді.

      175. ЕДБ АЖ-дан мәліметтерді алғаннан кейін "Е-Макет" ААЖ мынадай:

      1) егер көрсетілетін қызметті алушыда бір ЕДБ-де банктік шот табылса, көрсетілген ЕДБ-нің банктік шотына тағайындалған соманы есепке алуға келісім беру кезінде проактивті қызметті алу мүмкіндігі, сондай-ақ осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ-мен интеграция іске асырылған басқа ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      2) егер көрсетілетін қызметті алушыда әр түрлі ЕДБ-де бірнеше банктік шоттар табылса, осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен проактивті қызмет алу және оның шотына жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындалған сомасы есептелетін ЕДБ таңдау мүмкіндігі туралы;

      3) банктік шот болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес ұсынылған тізімнен Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде банктік шот ашу және проактивті қызмет алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлардың бірін қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне SMS-шлюз арқылы жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап 3 жұмыс күні.

      176. Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады және көрсетілетін қызметті алушыға осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері арқылы және қызметтер іске асырылған кезде ЭҮП, "eGov mobile" және ЕДБ мобильді қосымшалары арқылы (немесе) әлеуметтік төлемдерге өтінім беру мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

      177. Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен ЕДБ-нің кез келген бөлімшесінде шот ашу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар жіберілген көрсетілетін қызметті алушылар бойынша "Е-Макет" ААЖ шоттарды өзектендіру бойынша және сұрау салу-жауап режимінде шотты іздеу бойынша ЕДБ сервистерінің мониторингін SMS-хабарламалар жіберілген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      178. Егер көрсетілетін қызметті алушы ЕДБ-нің бірінде Еңбекмині АЖ интеграциясы іске асырылған банктер тізімінен банктік шот ашқан жағдайда, "Е-Макет" ААЖ жұмысынан айырылуы жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау және жүзеге асыру үшін автоматты түрде ашық банктік шотты таңдайды (белгіленген соманы көрсетілген ЕДБ банктік шотына аударуға немесе басқа ЕДБ-ні таңдауға келісім).

      Егер көрсетілетін қызметті алушы SMS-хабар жіберілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жауап бермесе, қызмет көрсету процесі аяқталады.

      179. Әлеуетті алушылар туралы деректерді немесе мәліметтерді салыстыру нәтижелері бойынша және әлеуетті алушылардан келісім алған және банктік шотты таңдаған кезде "Е-макет" ААЖ автоматты түрде:

      1) проактивті нысанда мемлекеттік қызмет көрсету үшін электрондық өтінімді қалыптастырады;

      2) электрондық өтінімді тіркеуді жүзеге асырады;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ЭІМ-пен ЭШЖ қалыптастырады және уәкілетті органға береді.

      180. Уәкілетті орган ЭІМ келіп түскен күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде ЭІМ мен ЭШЖ қарайды және № 237 Қағидаларға сәйкес жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      181. Егер әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін электрондық өтінімдер бойынша ЭІМ-ге қосымша құжаттарды (мәліметтерді) қосу қажеттілігі анықталса, уәкілетті орган "Е-макет" ААЖ арқылы ЭІМ-ні мемлекеттік корпорация бөлімшесіне қайтарады, бұл ретте өтініш берушіге жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға арналған құжаттарды жете рәсімдеу қажеттілігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама жіберіледі.

      182. Мемлекеттік корпорация ЭІМ өтініш беруші ұсынған қосымша құжаттармен олар Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне келіп түскен күннен кейін екі жұмыс күні ішінде толықтырады және оны уәкілетті органға жібереді.

      Жете рәсімдеу мерзімі уәкілетті орган ЭІМ жете ресімдеуге жіберген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды.

      183. Жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі мен мерзімдері № 237 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      184. Уәкілетті орган проактивті нысанда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешімді бекіткеннен кейін "Е-макет" ААЖ жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы SMS-хабарл арқылы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді және тиісті ақпаратты "SDU" АТЖ-ға жібереді.

  Smart Data Ukimet" ақпараттық-
талдау жүйесінде және
"Е-макет" автоматтандырылған
ақпараттық жүйесінде
отбасылардың әл-ауқатын
мониторингтеу нәтижелері
бойынша анықталған
алушыларға әлеуметтік-еңбек
саласының кейбір мемлекеттік
қызметтерін проактивті нысанда
көрсету жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру кезінде
мемлекеттік органдардың
өзара іс-қимыл алгоритміне
1-қосымша
Нысан

      Құрметті Азамат!

      Сіздің {жәрдемақы/әлеуметтік төлем атауы} алуға құқығыңыз бар. Қызметті алу үшін 3 жұмыс күні ішінде жауап беруді сұраймыз.

      Расталған жағдайда, Сіз дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бересіз.

      Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

      Келісім үшін жіберіңіз - ?# 1, бас тарту үшін -?#2

  "Smart Data Ukimet"
ақпараттық-талдау жүйесінде
және "Е-макет"
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінде отбасылардың
әл-ауқатын мониторингтеу
нәтижелері бойынша
анықталған алушыларға
әлеуметтік-еңбек саласының
кейбір мемлекеттік қызметтерін
проактивті нысанда көрсету
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
2-қосымша
Нысан

      Құрметті {ТАӘ} !

      Сіздің банктік шотыңызға {жәрдемақы / әлеуметтік төлем атауы} аудару үшін {банк атауы}, мәтінмен 1414 нөміріне SMS жіберіңіз {қызмет коды}#3#1

      Басқа банкті таңдау үшін 1414 нөміріне {қызмет коды}#3#0 мәтінімен SMS жіберіңіз.

      Сіздің жауабыңызды 3 жұмыс күні ішінде күтеміз.

      Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

  "Smart Data Ukimet"
ақпараттық-талдау жүйесінде
және "Е-макет"
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінде отбасылардың
әл-ауқатын мониторингтеу
нәтижелері бойынша
анықталған алушыларға
әлеуметтік-еңбек саласының
кейбір мемлекеттік қызметтерін
проактивті нысанда
көрсету жөніндегі пилоттық
жобаны іске асыру кезінде
мемлекеттік органдардың
өзара іс-қимыл алгоритміне
3-қосымша
Нысан

      Құрметті {ТАӘ} !

      Белгіленген соманы банктік шотыңызға аудару үшін төмендегі тізімнен банкті таңдаңыз:

      - 1414 нөміріне мәтіні бар SMS жіберіңіз {қызмет коды}#3#1 таңдау үшін {банк атауы};

      - 1414 нөміріне мәтіні бар SMS жіберіңіз {қызмет коды}#3#2 таңдау үшін {банк атауы}.

      Басқа банкті таңдау үшін 1414 нөміріне мәтіні бар SMS жіберіңіз {қызмет коды}#3#0.

      Сіздің жауабыңызды 3 жұмыс күні ішінде күтеміз.

      Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

  "Smart Data Ukimet"
ақпараттық-талдау жүйесінде
және "Е-макет"
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінде отбасылардың
әл-ауқатын мониторингтеу
нәтижелері бойынша
анықталған алушыларға
әлеуметтік-еңбек саласының
кейбір мемлекеттік қызметтерін
проактивті нысанда көрсету
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
4-қосымша
Нысан

      Құрметті {ТАӘ} !

      Тағайындалған соманы аудару үшін төмендегі тізімнен банктердің кез келген бөлімшесінде шот ашу қажет немесе төмендегі сілтемелерді пайдаланыңыз:

      {реттік нөмірі бар банктердің тізімі}

      Банк сіздің шотыңыздың ашылғаны туралы бізге автоматты түрде хабарлайды.

      Біз банктен 3 жұмыс күні ішінде хабарлама күтеміз.

      Барлық сұрақтар бойынша 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.

  "Smart Data Ukimet"
ақпараттық-талдау жүйесінде
және "Е-макет"
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінде отбасылардың
әл-ауқатын мониторингтеу
нәтижелері бойынша
анықталған алушыларға
әлеуметтік-еңбек саласының
кейбір мемлекеттік қызметтерін
проактивті нысанда көрсету
жөніндегі пилоттық жобаны іске
асыру кезінде мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
алгоритміне
5-қосымша
Нысан

      Құрметті {ТАӘ} !

      Қызмет көрсету мерзімі аяқталды.

      Тағайындау мәселелері бойынша {жәрдемақы/төлем атауы} Сіз "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне, "электрондық үкімет" порталы арқылы http://egov.kz немесе арқылы ___________ жүгіне аласыз.

      Ең жақын филиалды анықтау үшін Telegram Bot: https://t.me/egovkzbot.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады