Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, халық үшін қаттытұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 9-3 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2, 3 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жамбыл ауданы бойнша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің № 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жамбыл ауданы бойнша, халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің №1, 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық
      мәслихат төрағасы М. Шайдаев

  Шешімге № 1 қосымша

Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1

Жайлы жіне
жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,65
0,68

2

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,30

3

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,72

4

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,0005

5

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,0

6

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,15

7

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,45

8

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,17

9

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,05

10

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,03

11

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,05

12

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,35

13

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

0,23

14

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,22

15

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,15

16

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,20

17

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

1,20

18

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,05

19

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,30

20

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,22

21

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,22

22

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,20

23

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,09

24

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

0,03

  Шешімге № 2 қосымша

Жамбыл ауданы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығысыз)

Жайлы үйлер

1 түрғын айына

155,00

Жайлы және жайлы емес үйлер

162,20

Бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2 862,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады