Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қордай аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қордай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының | |
төрағасы | Н. Садыков |
Қордай аудандық мәслихатының |
2023 жылғы "22" қарашадағы № "13-4" шешіміне қосымша |
Қордай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 |
Жайлы және | 1 тұрғын | 1,02 |
2 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,66 |
3 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,40 |
4 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,73 |
5 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,002 |
6 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,02 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,40 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,52 |
9 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,12 |
10 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
11 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,03 |
12 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,10 |
13 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,32 |
14 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,47 |
15 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
16 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 | 0,36 |
17 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,43 |
18 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,33 |
19 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,08 |
20 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 2,15 |
21 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
22 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
23 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,06 |
24 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |