Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қордай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қордай ауданы бойнша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының | |
төрағасы | Н. Садыков |
Қордай аудандық мәслихатының 2023 жылғы "22" қарашадағы № "13-5" шешіміне қосымша |
Қордай ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығысыз) |
Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 165,00 |
Бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 м3 | 1941,18 |