Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Меркі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Меркі аудандық | |
мәслихатының төрағасы | М. Көкрекбаев |
Меркі аудандық мәслихатының 2023 жылғы "____" _________ __ шешіміне қосымша |
Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Атауы | Есептік бірлік | Қосылған құн салығынсыз, теңге |
Жайлы үйлер | айына 1 тұрғынға | 147,0 |
Жайлы емес үйлер | айына 1 тұрғынға | 177,0 |
Жеке және заңды тұлғалар үшін | 1 м3 | 1538,0 |