"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 2 ақпандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі ШЕШТІМ:
1. Ойтал ауылдық округі, Меркі станциясы және Ойтал ауылының көше атаулары өзгертілсін:
Меркі станциясы бойынша:
1) Семафорная көшесі Сарыарқа көшесіне;
Ойтал ауылы бойынша:
1) Ф.Дзержинский көшесі Мұхтар Әуезов көшесіне;
2) С.Королев көшесі Керей хан көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | А. Рахимбеков |