"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 3 қарашадағы № 562 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығына мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс";

      13-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "13-1) әкімшілік рәсімдер шеңберінде өтініш берушілер өтініштерінде көтерілетін жүйелі проблемаларға талдау жүргізеді және оларды анықтайды";

      48) және 49) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілеріне аккредиттеу жүргізеді;

      49) Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
С. Нұрбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады