Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандартын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 591 бұйрығы.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 31) тармақшасына және "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр С. Нұрбек

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2023 жылғы "20" қарашадағы
№ 591 бұйрығымен
бекітілді

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы:

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3 бабының 31) тармақшасына және "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) педагогтері үшін (профессор-оқытушылар құрамы) біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды.

      Стандарт:

      1) ЖЖОКБҰ педагогтерінің (профессор-оқытушылар құрамының – бұдан әрі - оқытушы) кәсіби құзыреттілігін бірыңғай түсінуді қамтамасыз ету және қоғамның мүдделі тараптарын хабардар ету;

      2) оқытушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруда білім беру бағдарламаларының оқу нәтижелерін, мақсаттары мен мазмұнын айқындау;

      3) педагогикалық қызметті жобалау мен жүзеге асыруда оқытушылардың кәсіби құзыреттіліктерін сипаттау;

      4) оқытушыларды кәсіби қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту;

      5) оқытушылардың біліктілік талаптары мен еңбек функцияларының деңгейлерін белгілеу және бағалау үшін қолданылады.

      Стандарт:

      1) ЖЖОКБҰ оқытушы қызметінің мазмұнын, білім деңгейіне, кәсіби тәжірибесі мен дайындығына қойылатын талаптарды сипаттайды;

      2) ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларын қалыптастыру кезінде, оның ішінде оқытушыларды оқыту кезінде, сондай-ақ ЖЖОКБҰ ұйымдарының оқытушылары мен түлектерінің біліктілігін сертификаттау мен растау кезінде оқыту нәтижелерінің тізбесін айқындайды;

      3) оқытушылардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды жоспарлауға негіз болады;

      4) оқытушылардың біліктілік деңгейлерінің, еңбек функциялары мен кәсіби даму дәрежесінің дифференциалды бағалау құралы болып табылады;

      5) оқытушыларға инновациялық процестерге сәйкес академиялық, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметте кәсіби және көшбасшылық қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді.

      2. Осы Стандартта мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым мен озық педагогикалық тәжірибенің жетістіктеріне негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;

      2) оқыту – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерін, іскерліктерін, дағдылары мен құзыреттерін игеру, қабілеттерін дамыту, күнделікті өмірде білімді қолдану тәжірибесін игеру және өмір бойы білім алу мотивациясын қалыптастыру жөніндегі қызметін ұйымдастырудың мақсатты процесі;

      3) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.

      3. Осы Стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

      1) ҰБШ – Ұлттық біліктілік шеңбері;

      2) ҰБЖ – Ұлттық біліктілік жүйесі;

      3) СБШ – Салалық біліктілік шеңбері;

      4) ЖЖОКБҰ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;

      5) ЭҚЖЖ – экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші;

      6) ЖА – жіктеу анықтамалығы.

2-тарау. Стандарттың паспорты

      4. Стандарттың атауы: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне (профессор-оқытушылар құрамына) арналған кәсіптік стандарты.

      5. Стандарттың коды: Р85422

      6. ЭҚЖЖ-ға сәйкес секцияны, бөлімді, топтарды, сынып пен ішкі сыныпты көрсету:

      Секция: Р-Білім.

      Бөлім: 85 Білім

      Топ: 85.4 Жоғары білім (7-ші, 8-ші деңгейлер)

      Сынып: 85.42 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      Ішкі сынып: 85.42.1 Жоғары білім 85.42.2 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      7. Стандарттың қысқаша сипаттамасы:

      Стандартты әзірлеу мақсаты: ЖЖОКБҰ оқытушыларына қажетті білім, біліктілік және дағдыларды, сондай-ақ құзыреттерді сипаттау, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын қалыптастыру үшін бағдарларды құру.

      Стандарт ұлттық біліктілік жүйесінің төрт негізгі элементінің бірі болып табылады. Білім беру саласындағы Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) және Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) деңгейлерін ескереді. Стандарт негіздемелік құжат болып табылады, ЖЖОКБҰ академиялық және басқарушылық еркіндік дербестігі қағидатын ескереді, кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сәйкестік деңгейлері бойынша оқытушыларды сертификаттау кезінде бағалау материалын әзірлеу және олардың біліктілік өлшемдерін әзірлеу үшін негіз болады.

      Стандарт оқытушылардың біліктілігін арттыруды және олардың мансаптық өсуін жоспарлауға қызмет етеді. Әрбір келесі деңгей барлық алдыңғы деңгейлердің көрсеткіштерінің жиынтығын арттырады.

      Дескрипторлардың жинақтаушы және дәйекті сипаты оқу нәтижелерінің деңгейден деңгейге сабақтастығын қамтамасыз етеді.

      Стандарт формальды және формальды емес және информальды оқыту нәтижелерін тануға негіз береді, академиялық және кәсіби орта ретінде біліктілікті бағалауға және тануға қол жеткізуге жағдай жасайды.

      Стандарт Паспорттан және кәсіптер карточкаларынан тұрады, онда оқытушылардың біліктілігі білім беру саласындағы СБШ-ның 2-деңгейіне және ҰБШ-ның (7-8 деңгейлер) үш жалпыланған көрсеткішіне: "білім", "біліктер мен дағдылар", "жеке құзыреттер" сәйкес сипатталады. Бұл ретте осы Стандарттың жетінші деңгейі екі кіші деңгеймен (7.1 және 7.2), сегізінші деңгей төрт кіші деңгеймен (8.1, 8.2, 8.3 және 8.4) ұсынылған.

      Деңгей дескрипторлары оқытушылардың дербестік, жауапкершілік және атқаратын еңбек функцияларының күрделілік дәрежесін ескереді.

      Кәсіби құндылықтар:

      1) кәсібилік;

      2) инновациялық;

      3) креативтілік;

      4) меритократиялық;

      5) парасаттылық.

      8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:

      1) Білім саласындағы оқытушы, ассистент, ЖЖОКБҰ, СБШ-нің 7, 7.1-деңгейі;

      2) Білім саласындағы оқытушы, Аға оқытушы/сеньор-лектор, ЖЖОКБҰ, СБШ-нің 7, 7.2-деңгейі;

      3) Білім саласындағы оқытушы, профессордың ассистенті, ЖЖОКБҰ, СБШ-нің 8, 8.1-деңгейі;

      4) Білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент), ЖЖОКБҰ, СБШ-нің 8, 8.2-деңгейі;

      5) Білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор, ЖЖОКБҰ, СБШ-нің 8, 8.3-деңгейі;

      6) Білім саласындағы оқытушы, профессор, ЖЖОКБҰ, СБШ-нің 8, 8.4-деңгейі.

3-тарау. Кәсіптер карточкалар

      Ескерту. 3-тарауға өзгерістер енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 06.12.2023 № 616 бұйрығымен.

9. КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ 1: Білім саласындағы оқытушы, ассистент, ЖЖОКБҰ

Топтың коды

2311-0

Қызмет атауының коды

2311-0-002

Кәсіптің атауы

Білім саласындағы оқытушы, ассистент, ЖЖОКБҰ

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

7-деңгей

СБШ бойынша біліктіліктің кіші деңгейі

7.1 (ғылыми дәрежесі жоқ)

БТБА, БА және үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіптік білім деңгейі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура) жоғары білім, маман

Формальды емес және информальды біліммен байланыс

біліктілікті арттыру курстары
практикалық тәжірибе

Кәсіптің басқа мүмкін атаулары

2379-9 Б.т.к. білім саласындағы басқа да кәсіби мамандар
Ассистент / балама - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура), магистр дәрежесінің болуы

Қызметтің негізгі мақсаты

ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады.

Еңбек функцияларының тізбесі

Міндетті еңбек функциялары

1. Оқыту
2. Ғылыми зерттеулер жүргізу
3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру
4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

Қосымша еңбек функциялары

1. ЖЖОКБҰ коорпоративтік басқару жүйесіне қатысу
2. ЖЖОКБҰ стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

Еңбек функцияларының сипаттамасы

Еңбек Функциясы 1: Оқыту

1-дағды: 
Білім алушылардың академиялық құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
1. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын (дәрістерден басқа) ұйымдастыру және өткізу;
2. білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша семинар оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
3. цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бакалавриат білім алушыларымен кері байланыс орнату.

Білімдер:
1. ЖЖОКБҰ-да білім беру-ғылыми процесті жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі талаптары;
2. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттары, оқытылатын пәндердің мазмұны.

2-дағды 
Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
1. оқу сабақтарын өткізуде мамандық ерекшелігін (жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша) ескеру;
2. мамандықтағы инновацияларды оқу процесіне экстраполяциялау (жоғары білім беру даярлау бағыты бойынша).

Білімдер:
1. практика бағытталған оқыту әдістері мен технологиялары;
2. кәсіп саласындағы қазіргі тенденцииялар (жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша).

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек функциясы
2:
Ғылыми зерттеулер жүргізу

1-дағды:
Ғылым, жоғары білім және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ету

Біліктер:
1. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар /шығармашылық жобалар мен жұмыстарды орындауға қатысу;
2. ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру
3. ұлттық және халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу.

Білімдер:
1. ғылыми зерттеулер әдіснамасы;
2. ғылыми зерттеулер жүргізу кезіндегі этикалық нормалар;
3. ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілер.

2-дағды:
Білім алушыларда зерттеу дағдыларының талап етілетін деңгейін дамыту

Біліктер:
1. бакалавриат білім алушыларының зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу,
2. бакалавриат білім алушыларының ғылыми-зерттеу/ғылыми-шығармашылық қызметі мен жарияланымдық белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану.

Білімдер:
1. білім алушылардың ғылыми зерттеулерінің ерекшелігі;
2. ғылыми зерттеулерде/ шығармашылық жобаларда бакалавриат білім алушыларының ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегиялары.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек функциясы 3: Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру

1-дағды:
ЖЖОКБҰ макропроцестерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

Біліктер:
1. оқу-әдістемелік жұмысты жүргізу және әдістемелік құзыреттілікті дамыту;
2. кәсіби біліктілікті арттыру;
3. бакалавриаттың семинар/ практикалық сабақтарын өткізу кезінде пәндік саладағы білім мен психологиялық-педагогикалық білім интеграциясын қамтамасыз ету;
4. оқытудың заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларын қолдану.

Білімдер:
1. жоғары білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер (оның ішінде Ұлттық біліктілік жүйесі);
2. психологиялық-педагогикалық және пәндік (арнайы) білімді интеграциялау тетіктері мен қағидаттары;
3. заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологиялары.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек функциясы 4:
Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

1-дағды:
Студенттік ортада әлеуметтік құндылықтарды ілгерлету

Біліктер:
1. ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасы мен ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту;
2. білім алушылардың азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға ықпал ету;
3. академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаларын сақтау қағидаттарын сақтау.



Білімдер:
1. педагогикалық менеджмент және жас ерекшелік психологиясы;
2. педагогикалық аксиология;
3. жастар ортасында және қоғамда жаһандық және ұлттық құндылықтарды ілгерілету тұжырымдамалары, стратегиялары, тетіктері.


2-дағды:
Білім алушыларды таңдалған кәсіптің құндылықтарымен таныстыру

Біліктер:
1. білім алушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау.



Білімдер:
1. педагогикалық деонтология, басқа мамандықтардың деонтологиялық тұжырымдамалары (жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша);
2. мамандықтың құндылық белгілерінің ерекшелігі (жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша).


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Қосымша еңбек функциясы: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

1-дағды
Ішкі стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. ЖЖОКБҰ білім алушыларымен, әріптестерімен және қызметкерлерімен оңтайлы коммуникациялар құру;
2. ЖЖОКБҰ әріптестерімен және қызметтерімен командада жұмыс істеу.

Білімдер:
1. білім алушылармен педагогикалық өзара іс-қимыл қағидаттары,
2. академиялық және кәсіби ортадағы коммуникация стратегиялары мен тетіктері.

2-дағды: Сыртқы стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. білім алушыларды қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту;
2. болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту;
3. дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
4. түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.

Білімдер:
1. шетелдік және қазақстандық жастар қозғалыстарының (волонтерлік, жасыл жасақтар, скауттар) және ұйымдардың саясаты мен стратегиялары;
2. халықаралық және қазақстандық еңбек нарығындағы инновациялық процестер.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Мейірімділік, қарым-қатынас, эмпатия, стресске төзімділік, эмоционалды тепе-теңдік, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік, оқыту және зерттеу дағдыларын дамыту мүмкіндігі

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар тізімдері

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бекітілген 

СБШ шеңберінде басқа кәсіптермен байланыс

СБШ деңгейі

Кәсіптің атауы

7

 Білім саласында менеджерлер


10. КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ 2: Білім саласындағы оқытушы, Аға оқытушы/сеньор-лектор, ЖЖОКБҰ

Топтың коды

2311-0

Қызмет атауының коды

2311-0-003

Кәсіптің атауы

Білім саласындағы оқытушы, Аға оқытушы/ сеньор-лектор, ЖЖОКБҰ

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

7-деңгей

СБШ бойынша біліктіліктің кіші деңгейі

7.2 (ғылыми дәрежесі жоқ)

БТБА, БА және үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіптік білім деңгейі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура) жоғары білім, маман

Формальды емес және информальды біліммен байланыс

біліктілікті арттыру курстары
практикалық тәжірибе

Кәсіптің басқа мүмкін атаулары

2379-9 Б.т.к. білім саласындағы басқа да кәсіби мамандар
Оқытушы/ Аға оқытушы /сеньор-лектор/ балама - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура), ассистент лауазымында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл

Қызметтің негізгі мақсаты:

ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады

Еңбек функцияларының тізбесі

Негізгі еңбек функциялары

1. Оқыту
2. Ғылыми зерттеулер жүргізу
3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру
4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

Қосымша еңбек функциялары

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

Еңбек функцияларының сипаттамасы

Еңбек функциясы 1:
Оқыту

1-дағды
Білім алушылардың академиялық құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
1. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, дәріс, семинар және практикалық сабақтарды ұйымдастыру және өткізу;
2. білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
3. цифрлық технологияларды пайдалана отырып, бакалавриат білім алушыларымен кері байланыс орнату.

Білімдер:
1. ЖЖОКБҰ-да білім беру-ғылыми процесті жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі талаптары;
2. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттары, оқытылатын пәндердің мазмұны.

2-дағды
Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
1. оқу сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуде мамандық ерекшелігін (жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша) ескеру;
2. мамандықтағы инновацияны оқу процесіне экстраполяциялау (жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша)..

Білімдер:
1. практика бағытталған оқыту әдістері мен технологиялары;
2. мамандықтар саласындағы қазіргі үрдістер (жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша).


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек
функциясы 
2: Ғылыми зерттеулер жүргізу

1-дағды
Ғылым, жоғары білім және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ету

Біліктер:
1. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға қатысу;
2. ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру
3. ұлттық және халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу.

Білімдер:
1. ғылыми зерттеулер әдіснамасы;
2.ғылыми зерттеулер жүргізу кезіндегі этикалық нормалар;
3. ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілер.

2-дағды
Білім алушыларда зерттеу дағдыларының талап етілетін деңгейін дамыту

Біліктер:
1. бакалавриат білім алушыларының зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу;
2. бакалавриат білім алушыларының зерттеу қызметі мен жариялау белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану.

Білімдер:
1. бакалавриат білім алушыларының ғылыми зерттеу дағдыларын диагностикалау;
2. ғылыми зерттеулерде бакалавриат білім алушыларының ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегиялары.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек
функциясы 3:
Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру

1-дағды:
ЖЖОКБҰ макропроцестерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

Біліктер:
1. оқу-әдістемелік жұмысты жүргізу және әдістемелік құзыреттілікті дамыту;
2. кәсіби біліктілігін арттыру;
3. бакалавриаттың семинар/практикалық сабақтарын өткізу кезінде пәндік саладағы білім мен психологиялық-педагогикалық білім интеграциясын қамтамасыз ету;
4. оқытудың заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларын қолдану.

Білімдер:
1. ғылым және жоғары білім саласындағы нормативтік құқықтық актілер (оның ішінде Ұлттық біліктілік жүйесі);
2. психологиялық-педагогикалық және пәндік (арнайы) білімді интеграциялау тетіктері мен қағидаттары;
3. заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологиялары.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек функциясы 4:
Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

1-дағды
Студенттік ортада әлеуметтік құндылықтарды ілгерлету

Біліктер:
1. ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасы мен ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту;
2. білім алушылардың азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға ықпал ету;
3. академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау.

Білімдер:
1. педагогикалық менеджмент және жас ерекшелік психологиясы;
2. педагогикалық аксиология;
3. жастар ортасында және қоғамда жаһандық және ұлттық құндылықтарды ілгерілету тұжырымдамалары, стратегиялары, тетіктері.

2-дағды
Білім алушыларды таңдалған кәсіптің құндылықтарымен таныстыру

Біліктер:
1. білім алушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау.

Білімдер:
1. педагогикалық деонтология, басқа мамандықтардың деонтологиялық тұжырымдамалары (жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша);
2. мамандықтың құндылық белгілерінің ерекшелігі (жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша).


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Қосымша еңбек
функциясы:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

1-дағды
Ішкі стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. ЖЖОКБҰ білім алушыларымен, әріптестерімен және қызметкерлерімен оңтайлы коммуникациялар құру;
2. ЖЖОКБҰ қызметкерлерімен және әріптестерімен командада жұмыс істеу.

Білімдер:
1. білім алушылармен педагогикалық өзара іс-қимыл қағидаттары;
2. академиялық және кәсіби ортадағы коммуникация стратегиялары мен тетіктері.

2-дағды
Сыртқы стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. білім алушыларды қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту;
2. болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту;
3. дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
4. түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.

Білімдер:
1. шетелдік және қазақстандық жастар қозғалыстарының (волонтерлік, жасыл жасақтар, скауттар) және ұйымдардың саясаты мен стратегиялары;
2. халықаралық және қазақстандық еңбек нарығындағы инновациялық процестер.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Мейірімділік, қарым-қатынас, эмпатия, стресске төзімділік, эмоционалды тепе-теңдік, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік, оқыту және зерттеу дағдыларын дамыту мүмкіндігі

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар тізімдері

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бекітілген 

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

СБШ деңгейі

Кәсіптің атауы

7

Білім берудегі менеджерлер

     

11. КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ 3: Білім саласындағы оқытушы, профессордың ассистенті, ЖЖОКБҰ

Топтың коды

2311-0

Қызмет атауының коды

2311-0-004

Кәсіптің атауы

Білім саласындағы оқытушы, профессордың ассистенті, ЖЖОКБҰ

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

8-деңгей

СБШ бойынша біліктіліктің кіші деңгейі

8.1 (практикалық тәжірибемен немесе "ғылым кандидаты", "ғылым докторы" ғылыми дәрежесімен; "философия докторы (PhD) (Пейджди)/ бейіні бойынша доктор" дәрежесімен / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар)

БТБА, БА және үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіптік білім деңгейі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура), жоғары білім, маман

Формальды емес және информальды біліммен байланыс

біліктілікті көтеру курстары
практикалық тәжірибе

Кәсіптің басқа атаулары

2379-9 Б.т.к. білім саласындағы басқа да кәсіби мамандар
Аға оқытушы/сеньор-лектор - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл немесе өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар;
Аға оқытушы/сеньор-лектор/ профессордың ассистенті, балама - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылыми дәрежесінің болуы/ өнер сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік наградасы бар және (немесе) құрметті атағы.

Қызметтің негізгі мақсаты

ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады

Еңбек функцияларының тізбесі

Негізгі еңбек функциялары

1. Оқыту
2. Ғылыми зерттеулер жүргізу
3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру
4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

Қосымша еңбек функциялары

1. ЖЖОКБҰ корпоративтік басқару жүйесіне қатысу
2. ЖЖОКБҰ стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

Еңбек функцияларының сипаттамасы

1-еңбек
функциясы: Оқыту

1-дағды
Білім алушылардың академиялық құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
1. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу;
2. білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
3. цифрлық технологияларды пайдалана отырып білім алушыларымен кері байланыс орнату.

Білімдер:
1. ЖЖОКБҰ-да білім беру-ғылыми процесті жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі талаптары;
2. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттары, оқытылатын пәндердің мазмұны;
3. білім берудегі инновациялар.

2-дағды
Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
1. оқу сабақтарын жоспарлауда, ұйымдастыруда және өткізуде мамандық ерекшелігін (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің даярлау бағыты бойынша) ескеру;
2. мамандықтағы инновацияларды оқу процесіне экстраполяциялау (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша).

Білімдер:
1. практика бағытталған оқыту әдістері мен технологиялары;
2. мамандық саласындағы қазіргі үрдістер (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша).


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек
функциясы 2: Ғылыми зерттеулер жүргізу

1-дағды
Ғылым, жоғары білім және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ету

Біліктер:
1. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар/шығармашылық жобаларды орындауда қатысу;
2. ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру;
3. ұлттық және халықаралық дерекқорлармен жұмым істеу.

Білімдер:
қазіргі ғылымның философиясы мен әдіснамасы

2-дағды
Білім алушыларда зерттеу дағдыларының қажетті деңгейін дамыту

Біліктер:
1. бакалавриат және магистратура білім алушыларының зерттеу дағдыларына диагностика жүргізу;
2. бакалавриат және магистратура білім алушыларының зерттеушілік, оның ішінде публикациялық белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану;
3. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға бакалавриат және магистратураның білім алушыларын тарту.

Білімдер:
1. бакалавриат және магистратура білім алушыларының ғылыми зерттеулерінің ерекшелігі;
2. ғылыми зерттеулерде бакалавриат және магистратура білім алушыларының ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегиялары.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

3-еңбек
функциясы:
Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру

1-дағды
ЖЖОКБҰ макропроцестерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

Біліктер:
1. оқу сабақтарын өткізу кезінде пәндік салада психологиялық-педагогикалық білім мен білімді интеграциялауды қамтамасыз ету;
2. оқу процесінде ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу және қолдану;
3. жас оқытушыларға тәлімгерлікті жүзеге асыру.

Білімдер:
1. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер (оның ішінде Ұлттық біліктілік жүйесі);
2. еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын дамыту және жетілдіру тетіктері;
3. заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) оқыту технологиялары.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек
функциясы 4: Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

1-дағды
Студенттік ортада әлеуметтік құндылықтарды ілгерлету

Біліктер:
1. ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасы мен ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту;
2. білім алушылардың азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға ықпал ету;
3. академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау.



Білімдер:
1. педагогикалық менеджмент және жас ерекшелік психологиясы;
2. педагогикалық аксиология;
3. жастар ортасында және қоғамда жаһандық және ұлттық құндылықтарды ілгерілету тұжырымдамалары, стратегиялары, тетіктері.


2-дағды
Білім алушыларды таңдалған кәсіптің құндылықтарымен таныстыру

Біліктер:
1. білім алушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау.


Білімдер:
1. педагогикалық деонтология, басқа мамандықтардың деонтологиялық тұжырымдамалары (жоғары білім беруді даярлау бағыты бойынша);
2. кәсіптің құндылық белгілерінің ерекшеліктері (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша).


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Қосымша еңбек
функциясы: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

1-дағды
Ішкі стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. ЖЖОКБҰ білім алушыларымен, әріптестерімен және қызметкерлерімен оңтайлы коммуникациялар құру;
2. ЖЖОКБҰ қызметкерлерімен және әріптестерімен командада жұмыс істеу.

Білімдер:
1. білім алушылармен педагогикалық өзара іс-қимыл қағидаттары;
2. академиялық және кәсіби ортадағы коммуникация стратегиялары мен тетіктері.

2-дағды
Сыртқы стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. білім алушыларды қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту;
2. болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту;
3. дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
4. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасына кепілдік беру жөніндегі құрылымдарда жұмыс істеу;
5. түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.

Білімдер:
1. шетелдік және қазақстандық жастар қозғалыстарының (волонтерлік, жасыл жасақтар, скауттар) және ұйымдардың саясаты мен стратегиялары;
2. халықаралық және қазақстандық еңбек нарығындағы инновациялық процестер.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Мейірімділік, қарым-қатынас, эмпатия, стресске төзімділік, эмоционалды тепе-теңдік, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік, оқыту және зерттеу дағдыларын дамыту мүмкіндігі

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімдері

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бекітілген 

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

СБШ деңгейі

Кәсіптің атауы

8

Білім берудегі менеджерлер

     

12. КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ 4: Білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент), ЖЖОКБҰ

Топтың коды

2311-0

Қызмет атауының коды

2311-0-005

Кәсіптің атауы

Білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент), ЖЖОКБҰ

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

8-деңгей

СБШ бойынша біліктіліктің кіші деңгейі

8.2 ("ғылым кандидаты", "ғылым докторы" ғылыми дәрежесімен, "философия докторы (PhD) (Пейджди)/ бейіні бойынша доктор" дәрежесімен / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар)

БТБА, БА және үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіптік білім деңгейі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық докторантура) жоғары білім, маман

Формальды емес және информальды біліммен байланыс

біліктілікті көтеру курстары
практикалық тәжірибе

Кәсіптің басқа мүмкін атаулары

2379-9 Б.т.к. білім саласындағы басқа да кәсіби мамандар
Аға оқытушы/сеньор-лектор жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы / балама - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық магистратура және докторантура), оқытушы лауазымында ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 3 (үш) жыл немесе мамандығы (қызмет бейіні) бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл және ғылыми дәрежесінің / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар).
Қауымдастырылған профессор (доцент) - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесінің болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл.

Қызметтің негізгі мақсаты

ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады

Еңбек функцияларының тізбесі

Негізгі еңбек функциялары

1. Оқыту
2. Ғылыми зерттеулер жүргізу
3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру
4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

Қосымша еңбек функциялары

1. ЖЖОКБҰ корпоративтік басқару жүйесіне қатысу
2. ЖЖОКБҰ стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

Еңбек функцияларының сипаттамасы

1-еңбек
функциясы:
Оқыту

1-дағды
Білім алушылардың академиялық құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
Біліктер:
1. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу;
2. білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
3. цифрлық технологияларды пайдалана отырып білім алушыларымен кері байланыс орнату.

Білімдер:
1. ЖЖОКБҰ-да білім беру-ғылыми процесті жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі талаптары;
2. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттары, оқытылатын пәндердің мазмұны;
3. андрогогиканың теориясы мен әдістемесі.

2-дағды
Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
1. оқу сабақтарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуде мамандық ерекшелігін (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша) ескеру;
2. мамандықтағы инновацияларды оқу процесіне экстраполяциялау (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша).

Білімдер:
1. практика бағытталған оқыту әдістері мен технологиялары;
2. мамандық саласындағы қазіргі үрдістер (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша).


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек функциясы 2:
Ғылыми зерттеулер жүргізу

1-дағды
Ғылым, жоғары білім және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ету

Біліктер:
1. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейін коммерцияландыра отырып) орындауға басшылық жасау және/немесе қатысу;
2. зерттеу нәтижелерін практикалық іске асыру үшін ішкі және сыртқы ғылыми мектептермен / орталықтармен коллаборация орнату;
3. ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру;
4. ұлттық және халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу.

Білімдер:
1. қазіргі ғылымның философиясы мен әдіснамасы;
2. ғылыми зерттеулер жүргізу кезіндегі этикалық нормалар.

2-дағды
Білім алушыларда зерттеу дағдыларының қажетті деңгейін дамыту

Біліктер:
1. бакалавриат, магистратура және докторант білім алушыларының зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу;
2. бакалавр, магистрант және докторант білім алушыларының зерттеу, оның ішінде публикациялық белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану.

Білімдер:
1. білім алушы магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеулерінің ерекшелігі;
2. ғылыми зерттеулерде бакалавр, магистрант пен докторант білім алушыларының ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегиялары.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек функциясы 3:
Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру

1-дағды ЖЖОКБҰ макропроцестерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

Біліктер:
1. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және өткізу кезінде психологиялық-педагогикалық білім мен пәндік саладағы білімнің интеграциясын қамтамасыз ету;
2. еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде инновациялық білім беру бағдарламаларын іске асыру;
3. оқу процесінде ғылыми-әдістемелік өнімдерді әзірлеу және қолдану.

Білімдер:
1. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер (оның ішінде Ұлттық біліктілік жүйесі);
2. еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын дамыту және жетілдіру тетіктері;
3. ғылыми мектептерді қалыптастыру мен дамытудың стратегиялары, әдістері мен формалары және жас оқытушыларға тәлімгерлік ету.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек 
функциясы 4:
Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

1-дағды
Студенттік ортада әлеуметтік құндылықтарды ілгерлету

Біліктер:
1. ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасы мен ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту;
2. білім алушылардың азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға ықпал ету;
3. академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау.

Білімдер:
1. педагогикалық менеджмент және жас ерекшелік психологиясы;
2. педагогикалық аксиология;
3. жастар ортасында және қоғамда жаһандық және ұлттық құндылықтарды ілгерілету тұжырымдамалары, стратегиялары, тетіктері.

2-дағды
Білім алушыларды таңдалған кәсіптің құндылықтарымен таныстыру

Біліктер:
1. білім алушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау.

Білімдер:
жетекшілік ететін пәндер саласындағы жаңа білімнің педагогикалық (тәрбиелік) әлеуеті


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Қосымша еңбек
функциясы:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

1-дағды
Ішкі стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. ЖЖОКБҰ білім алушылармен, әріптестерімен және қызметкерлерімен оңтайлы коммуникациялар құру;
2. ЖЖОКБҰ қызметкерлерімен және әріптестерімен командада жұмыс істеу.

Білімдер:
1. білім алушылармен педагогикалық өзара іс-қимыл қағидаттары;
2. академиялық және кәсіби ортадағы коммуникация стратегиялары мен тетіктері.

2-дағды Сыртқы стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. білім алушыларды қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту;
2. болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту;
3. дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
4. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасының кепілдігі бар бойынша құрылымдарда жұмыс істеу;
5. түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.

Білімдер:
1. шетелдік және қазақстандық жастар қозғалыстарының (волонтерлік, жасыл жасақтар, скауттар) және ұйымдардың саясаты мен стратегиялары;
2. халықаралық және қазақстандық еңбек нарығындағы инновациялық процестер.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Мейірімділік, қарым-қатынас, эмпатия, стресске төзімділік, эмоционалды тепе-теңдік, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік, оқыту және зерттеу дағдыларын дамыту мүмкіндігі

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімдері

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бекітілген 

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

СБШ деңгейі

Кәсіптің атауы

8

Білім берудегі менеджерлер

     

13. КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ 5: Білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор, ЖЖОКБҰ

Топтың коды

2311-0

Қызмет атауының коды

2311-0-006

Кәсіптің атауы

Білім саласындағы оқытушы, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор, ЖЖОКБҰ

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

8-деңгей

СБШ бойынша біліктіліктің кіші деңгейі

8.3 (ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган беретін қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағымен)

БТБА, БА және үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіптік білім деңгейі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық докторантура), жоғары білім, маман

Формальды емес және информальды біліммен байланыс

біліктілікті көтеру курстары
практикалық тәжірибе

Кәсіптің басқа мүмкін атаулары

2379-9 Б.т.к. білім саласындағы басқа да кәсіби мамандар
Қауымдастырылған профессор (доцент) / профессор - жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі бар /өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар және "қауымдастырылған профессор" ғылыми атағының болуы, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл

Қызметтің негізгі мақсаты

ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады

Еңбек функцияларының тізбесі

Негізгі еңбек функциялары

1. Оқыту
2. Ғылыми зерттеулер жүргізу
3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру
4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

Қосымша еңбек функциялары

1. ЖЖОКБҰ корпоративтік басқару жүйесіне қатысу
2. ЖЖОКБҰ стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

Еңбек функцияларының сипаттамасы

1-еңбек
функциясы: Оқыту

1-дағды:
Білім алушылардың академиялық құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
1. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу;
2. білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
3. цифрлық технологияларды пайдалана отырып, білім алушыларымен кері байланыс орнату.

Білімдер:
1. ЖЖОКБҰ-да білім беру-ғылыми процесті жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі талаптары;
2. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттары, оқытылатын пәндердің мазмұны;
3. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қазіргі заманғы парадигмалары.

2-дағды:
Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
1. әлемдік трендтерге сәйкес (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыты бойынша) білім беру процесіне педагогикалық инновацияларды енгізу;
2. мамандықтағы инновацияларды оқу процесіне экстраполяциялау (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша).

Білімдер:
1. практика бағытталған оқыту әдістері мен технологиялары;
2. кәсіп саласындағы қазіргі үрдістер (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша).


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек
функциясы 2: Ғылыми зерттеулер жүргізу

1-дағды:
Ғылым, жоғары білім және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ету

Біліктер:
1. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландыра отырып) орындауға басшылық жасауға және/немесе қатысу;
2. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жас ғалымдарды тарту;
3. жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында құрылымдық бірліктерінің ғылыми бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары (институттар, орталықтар, кафедралар, ғылыми зертханалар) ұйымдастыру, басшылық ету және қатысу;
4. ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру;
5. ұлттық және халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу.

Білімдер:
1. ғылыми зерттеулер әдіснамасы;
2. ғылыми зерттеулер жүргізу кезіндегі этикалық нормалар;
3. ұлттық және жаһандық контекстегі заманауи ғылымды дамыту стратегиялары.

2-дағды:
Білім алушыларда зерттеу дағдыларының талап етілген деңгейін дамыту

Біліктер:
1. жас ғалымдардың зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу;
2. зерттеушілік, оның ішінде жас ғалымдардың публикациялық белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану.

Білімдер:
1. магистратура және докторантура білім алушыларының ғылыми зерттеулерінің ерекшелігі;
2. жас ғалымдардың ғылыми зерттеулердегі ынтасы мен белсенділігін арттыру стратегиялары.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек 
функциясы  3: Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру

1-дағды:
ЖЖОКБҰ макропроцестерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

Біліктер:
1. оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру және әдістемелік құзыреттілікті дамыту;
2. сабақтардың барлық түрлерін жоспарлау және өткізу кезінде пәндік саладағы білім мен психологиялық-педагогикалық білімнің ықпалдасуын қамтамасыз ету;
3. жетекшілік ететін пәндер бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерінің оқу, оқу-әдістемелік жұмысын және профессор-оқытушылар құрамымен өткізу сапасын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
4. жетекшілік ететін пәндерді әдістемелік қамтамасыз етуді бақылау, жинақтау және әзірлеу;
5. жоғары білім беру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік жұмысқа қатысу.

Білімдер:
1. үздіксіз білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер (оның ішінде Ұлттық біліктілік жүйесі);
2. еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес үздіксіз білім берудің білім беру бағдарламаларын дамыту және жетілдіру тетіктері;
3. жас оқытушыларға тәлімгерлік ету стратегиялары, әдістері мен нысандары.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек 
функциясы  4: Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

1-дағды:
Студенттік ортада әлеуметтік құндылықтарды ілгерлету

Біліктер:
1. ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасы мен ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту;
2. білім алушылардың азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға ықпал ету;
3. академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау.

Білімдер:
1. педагогикалық менеджмент және жас ерекшелік психологиясы;
2. педагогикалық аксиология;
3. жастар ортасында және қоғамда жаһандық және ұлттық құндылықтарды ілгерілету тұжырымдамалары, стратегиялары, тетіктері.

2-дағды:
Білім алушыларды таңдалған кәсіптің құндылықтарымен таныстыру

Біліктер:
1. білім алушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылығын қалыптастыру;
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау.

Білімдер:
жетекшілік ететін пәндер саласындағы жаңа білімнің педагогикалық (тәрбиелік) әлеуеті


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Қосымша еңбек 
функциясы : Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

1-дағды:
Ішкі стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. білім алушылармен кәсіптік-педагогикалық коммуникацияны қамтамасыз ету;
2. жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы қызметкерлермен және әріптестермен іскерлік, сындарлы коммуникация (оның ішінде командалық және коллаборативті) құру;
3. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасына кепілдік беру жөніндегі алқалы органдарда (академиялық комитеттер) жұмыс істеу.

Білімдер:
1. қазіргі педагогикалық менеджменттің теориялары мен практикасы;
2. кәсіби ортадағы әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидаттарының стратегиялары, тетіктері.

2-дағды:
Сыртқы стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу

Біліктер:
1. білім алушыларды қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту;
2. болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту;
3. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасының кепілдігі бойынша құрылымдарда жұмыс істеу;
4. дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
5. түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.

Білімдер:
1. шетелдік және қазақстандық жастар қозғалыстарының (волонтерлік, жасыл жасақтар, скауттар) және ұйымдардың саясаты мен стратегиялары;
2. халықаралық және қазақстандық еңбек нарығындағы инновациялық процестер.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Мейірімділік, қарым-қатынас, эмпатия, стресске төзімділік, эмоционалды тепе-теңдік, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік, оқыту және зерттеу дағдыларын дамыту мүмкіндігі

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімдері

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бекітілген 

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

СБШ деңгейі

Кәсіптің атауы

8

Білім берудегі менеджерлер

14. КӘСІПТЕР КАРТОЧКАСЫ 6: Білім саласындағы оқытушы, профессор, ЖЖОКБҰ

Топтың коды

2311-0

Қызмет атауының коды

2311-0-007

Кәсіптің атауы

Білім саласындағы оқытушы, профессор, ЖЖОКБҰ

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

8-деңгей

СБШ бойынша біліктіліктің кіші деңгейі

8.4 (ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган беретін профессор ғылыми атағы бар оқытушылар)

БТБА, БА және үлгілік біліктілік сипаттамалары: бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіптік білім деңгейі

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (ғылыми-педагогикалық докторантура), жоғары білім, маман

Формальды емес және информальды біліммен байланыс

біліктілікті көтеру курстары
практикалық тәжірибе

Кәсіптің басқа мүмкін атаулары

2379-9 Б.т.к. білім саласындағы басқа да кәсіби мамандар
Профессор-жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылыми дәрежесі / өнер, сәулет, дене шынықтыру және спорт саласындағы құрметті атағы және (немесе) мемлекеттік наградасы бар) және "профессор" ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде 5 (бес) жыл болуы

Қызметтің негізгі мақсаты

ЖЖОКБҰ-да академиялық, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік және қоғамдық қызметті жүзеге асырады

Еңбек функцияларының тізбесі

Негізгі еңбек функциялары

1. Оқыту
2. Ғылыми зерттеулер жүргізу
3. Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру
4. Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

Қосымша еңбек функциялары

1. ЖЖОКБҰ корпоративтік басқару жүйесіне қатысу
2. ЖЖОКБҰ стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

Еңбек функцияларының сипаттамасы

Еңбек функциясы 1: Оқыту

1-дағды:
Білім алушылардың академиялық құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
1. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттарын ескере отырып, оқу сабақтарының барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу;
2. білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
3. білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ғылыми мектептерді дамыту үшін жаңа бағыттарды айқындау;
4. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің қазіргі заманғы парадигмаларының (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша) құнды идеялары мен инновацияларын практикада іске асыру.

Білімдер:
1. ЖЖОКБҰ-да білім беру-ғылыми процесті жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі талаптары;
2. студенттік орталықтандырылған оқыту және бағалау қағидаттары, оқытылатын пәндердің мазмұны;
3. жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қазіргі заманғы парадигмалары;
4. жетекшілік ететін пәндер саласындағы білімнің қазіргі жай-күйі.

2-дағды:
Білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету

Біліктер:
әлемдік трендтерге сәйкес (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша) білім беру процесіне педагогикалық инновацияларды енгізу

Білімдер:
инновациялық педагогиканың теориялары мен әдістемелері (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыты бойынша)


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек функциясы 2: Ғылыми зерттеулер жүргізу

1-дағды:
Ғылым, жоғары білім және еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ету

Біліктер:
1. ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландыра отырып) орындауға бастамашылық жасауға, басшылық етуге және/немесе қатысу;
2. жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру ортасында ғылыми мектепті ұйымдастыру және ілгерілету;
3. жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында құрылымдық бірліктерінің ғылыми бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы (институттар, орталықтар, кафедралар, ғылыми зертханалар) ұйымдастыру, басшылық ету және қатысу;
4. ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыру;
5. ұлттық және халықаралық дерекқорлармен жұмыс істеу.

Білімдер:
1. ғылыми зерттеулер әдістемесі;
2. ғылыми зерттеулер жүргізу кезіндегі этикалық нормалар;
3. ұлттық және жаһандық контекстегі заманауи ғылымды дамыту стратегиялары.

2-дағды:
Білім алушыларда зерттеу дағдыларының талап етілген деңгейін дамыту

Біліктер:
ғылыми жобаларға, зерттеулерге басшылық жасау/консультация беру кезінде зерттеулердің тиісті сапасын қамтамасыз етуге міндетті

Білімдер:
магистрлік және докторлық бағдарламалардың өзекті мәселелері (дайындық бағыты бойынша)


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек функциясы 3: Ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыру

1-дағды:
ЖЖОКБҰ макропроцестерін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету

Біліктер:
1. барлық деңгейдегі әдістемелік комиссиялар мен кеңестердің құрамында ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, басшылыққа алу және қатысу;
2. жетекшілік ететін пәндердің әдістемелік қамтамасыз етілуін бақылау;
3. білім беру процесінде инновациялық ғылыми-әдістемелік өнімді әзірлеу және қолдану;
4. іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
5. ғылыми-зерттеу мектептерін қалыптастыру және дамыту.

Білімдер:
1. үздіксіз білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер (оның ішінде Ұлттық біліктілік жүйесі);
2. еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын дамыту және жетілдіру тетіктері;
3. жас оқытушыларға тәлімгерлік ету стратегиялары, әдістері мен нысандары.


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Еңбек функциясы 4: Білім алушы жастарды әлеуметтендіру

1-дағды:
Студенттік ортада әлеуметтік құндылықтарды ілгерлету

Біліктер:
1. ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасы мен ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту;
2. білім алушылардың азаматтық және кәсіби белсенділігін арттыруға ықпал ету;
3. академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау.

Білімдер:
1. педагогикалық менеджмент және жас ерекшелік психологиясы;
2. педагогикалық аксиология;
3. жастар ортасында және қоғамда жаһандық және ұлттық құндылықтарды ілгерілету тұжырымдамалары, стратегиялары, тетіктері.

2-дағды:
Білім алушыларды таңдалған кәсіптің құндылықтарымен таныстыру

Біліктер:
1. білім алушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылығын қалптастыру;
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау.

Білімдер:
жетекшілік ететін пәндер саласындағы жаңа білімнің педагогикалық (тәрбиелік) әлеуеті


Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Қосымша еңбек функциясы: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стейкхолдерлерімен өзара іс-қимыл

1-дағды:
Ішкі стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. білім алушылармен кәсіби-педагогикалық коммуникацияны қамтамасыз ету;
2. жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қызметкерлермен және әріптестермен іскерлік, конструктивті коммуникация (оның ішінде командалық және коллаборативті) құру;
3. жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасына кепілдік беру жөніндегі алқалы органдарда (академиялық комитеттер) жұмыс істеу.

Білімдер:
1. қазіргі педагогикалық менеджменттің теориялары мен практикасы;
2. кәсіптік ортадағы әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидаттарының стратегиялары, тетіктері.

2-дағды:
Сыртқы стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл

Біліктер:
1. білім алушыларды қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту;
2. болашақ мамандарды даярлау процесіне жұмыс берушілерді тарту;
3. жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасының кепілдігі бойынша құрылымдарда жұмыс істеуге;
4. дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
5. түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялауға.

Білімдер:
1. шетелдік және қазақстандық жастар қозғалыстарының (волонтерлік, жасыл жасақтар, скауттар) және ұйымдардың саясаты мен стратегиялары;
2. халықаралық және қазақстандық еңбек нарығындағы инновациялық процестер.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылмайды

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Мейірімділік, қарым-қатынас, эмпатия, стресске төзімділік, эмоционалды тепе-теңдік, кәсіби және әлеуметтік жауапкершілік, оқыту және зерттеу дағдыларын дамыту мүмкіндігі

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімдері

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шiлдедегi № 2 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бекітілген 

СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен байланыс

СБШ деңгейі

Кәсіптің атауы

8

Білім берудегі менеджерлер

4-тарау. Стандарттың техникалық деректері

      15. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Кудретуллаева Рысгүл Орынбасарқызы, r.kudretullaeva@sci.gov.kz , 74-25-20.

      16. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорын): Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Сырымбетова Ляйля Саркытқызы – 8 701 552 38 87, Astana IT University, Өмірбаев Серік Мәуленұлы - 8 717 264 57 28, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Нарбекова Бану Мұқатайқызы - 8 727 293 81 53, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Жұманқұлова Еркын Нұрсағатқызы - 8 727 237 00 12.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 06.12.2023 № 616 бұйрығымен.

      17. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: Ғылым және жоғары білім саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес - 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 1 хаттама.

      18. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 2023 жылғы 29 қыркүйектегі қорытынды.

      19. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 2023 жылғы 30 маусымдағы қорытынды.

      20. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 1-нұсқа, 2023 жыл.

      21. Кәсіптік стандарттың болжамды жаңарту күні: 2027 жылғы 1 қазан.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады