"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген) сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Текелі қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі | А.Әділ |
қаулысына қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
№ | Тұрғынжайдың мекен-жайы | Айына бір шаршы метр үшін төлемақы мөлшері (теңге) |
1 |
Текелі қаласы, Әль-Фараби көшесі 34 А | 126,1 теңге |
2 | Текелі қаласы, Сейфуллин көшесі 29 үй | 112 теңге |
3 | Текелі қаласы, Әль-Фараби көшесі 36 үй | 119,6 теңге |