Алакөл ауданы бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 169 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес Алакөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасы бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Абдинов

  Алакөл ауданының әкімдігінің қаулысына қосымшасы

Алакөл ауданындағы жайылымдардың геоботаникалық жағдайы туралы мәлімет

Жалпы мәлімет

       Аудан 1928 жылдан бастап Алакөл ауданы болып құрылды. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 1 қала 23 ауылдық округтен, 56 ауылдық елді мекеннен тұрады.

      Алакөл ауданының жалпы көлемі – 2367,267 мың гектар;

      Жерлер категория бойыншакелесідей бөлінеді:

      Ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлер – 1063,671 мың гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер – 894,186 мың гектар, шабындық жерлер - 51,748 мың гектар.

      Елді мекен жерлері - 59,363 мың гектар;

      өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауылшаруашылығына арналған өзге де жерлер -22,963 мың гектар;

      орман қорының жерлері – 245,221 мың гектар;

      табиғи қорық жерлері-168,985 мың гектар;

      су қорының жерлері - 794 мың гектар;

      босалқы жер қоры – 808,560 мың гектар.

      Алакөл ауданының климаты континенталды. Жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150-260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350-550 мм.Қаңтардың орташа температурасы -12-16°С, шілдеде +18+23°С.

      Жазық даласы жартылай шөлейтті сұры-қоңыр топырақтан, ал тау бөктері ашық-қоңыр, қара топырақтан тұрады.

      Аудан аумағында Тентек, Шынжылы, Жаманты, Қызылтал, Ырғайты өзендері ағып жатыр.

      Аудан аумағында өсімдіктердің 110 түрі тараған. Оның 25 тұқымды түрге және 85 гүлді өсімдіктерге жатады. Ең көп таралған үш тұқымдастар: дәнді, күрделі гүлділер және бұлдырлар.

      Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі 3,5 центнер/гектарды құрайды.

      Жайылымдар азықтарының қоры жайылымдық кезеңде 180-210 күн ұзақтығымен пайдаланылады.

      Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Алакөл ауданында 1 қала 23 ауылдық округтер, 56 ауылдық елді - мекендер орналасқан.

      Санаттар бөлінісінде Алакөл ауданы аумағының жалпы ауданы мың ( га )

№ п/п

Жер категориясы

Барлығы

Соның ішінде жайылым

1

Аумақтың жалпы көлемі: соның ішінде

2 367 267


2

Ауыл шаруашылығы жерлері

1 063 671

894 186

3

Елді мекен

59 363


4

Өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа да ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер

22 963


5

Орман қоры жерлері

245 221


6

Су қорының жерлері

794


7

Босалқы жерлер

808 560


8

Табиғи қорық жерлері

168 985


      Ауылдық округтер бөлінісінде ауданның жер пайдалануы мың ( га )

№ п/п

Округ атауы

Ауыл атауы

Аумақтың жалпы көлемі

в том числе

Бүкіл егіс алқабы

Ауылдық елді мекендердің жерлері

Ауыл шаруашылығы жерлері

Босалқы жерлер және арнайы қор жерлері

Басқалар

1

Үшарал қалалық округі

Үшарал

49765

2783

49753


1271

2746

МТФ

12

12





2

Достық ауылдық округі

Достық

553

553





СТ-Жалаңашкөл

27

27





СТ-Көктұма

28

28





3

Бескөл ауылдық округі

Бескөл

4440

683

3757


251

319

Бұлақты

9236

1444

7192


77

2668

Қаратұма

45

45





РЗД-Сайхан

8

8





РЗД-Пятый

7

7





РЗД-13

16

16





4

Ырғайты ауылдық округі

Көктұма

82664

953

81711


5535


Ақши

11652

1835

9817


1937


5

Жайпақ ауылдық округі

Жайпақ

13738

4977

8761


349

2968

6

Қайнар ауылдық округі

Қайнар

8524

2077

6447


974

1784

7

Ақтүбек ауылдық округі

Ақтүбек

22449

2010

20439


1061

2214

8

Ынталы ауылдық округі

Ынталы

22185

32

22153


1702

3176

9

Қамысқала ауылдық округі

Қамысқала

5613

4981

632


2


Алакөл

6071

3959

2113




10

Жағатал ауылдық округі

Қазақстан

46659

1401

45258


1211

4024

Бесағаш

9677

1025

8652


110

1896

11

Жанама ауылдық округі

Жанама

21676

2067

19609


209

1345

Ескі Жанама

23

23





Қарабұлақ

14400

1265

13135


53

2246

12

Еңбекші ауылдық округі

Еңбекші

49952

5486

44466


811

1547

13

Арқарлы ауылдық округі

Арқарлы

66101

3254

62847


874

53

14

Қызылашы ауылдық округі

Жұмахан Балапанов

33199

2569

30630


1624

5612

15

Қабанбай ауылдық округі

Қабанбай

32018

677

31341


513

5736

Жамбыл

20735

49

20686


650

1836

16

Теректі ауылдық округі

Теректі

36974

735

36239


325

3777

Талдыбұлақ

4845

249

4596


220

772

17

Екпінді ауылдық округі

Екпінді

53626

513

53113


234

5676

Қарлығаш

7993

305

7688


210

611

Ұшқайын

7279

276

7003


305

209

18

Жыланды ауылдық округі

Жыланды

57060

962

56098


1815


Әшім

3607

236

3371




Көкжар

5675

302

5373


150


Майқын

5653

316

5337


102


Шынжылы

7497

494

7003




19

Ақжар ауылдық округі

Ақжар

7176

532

6644



4187

Қоңыр

1536

583

953


79

293

Малайшат

3788

314

3474


85

1511

20

Сапақ ауылдық округі

Сапақ

182700

883

181817


98

3690

Бибақан

5944

380

5564


159

2005

21

Тоқжайлау ауылдық округі

Тоқжайлау

63857

1876

61981


5032

3439

22

Үшбұлақ ауылдық округі

Ұшбұлақ

19032

768

18264


1831

683

Кеңес

2929

194

2735


100

534

Айпара

11873

188

11685




23

Лепсі ауылдық округі

Лепсі

13503

2165

11338


357

1329

Шымбұлақ

4938

478

4460


35

574

Жүнжүрек

5537

175

5362


5

578

Байзерек

5517

466

5051


10

982

24

Көлбай ауылдық округі

Көлбай

30009

830

29179


733

2374

Әлемді

10615

241

10374


414

1123

Бұдыр

6921

57

6864


37

868

Қызылқайын

22694

588

22100


100

1798

      Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Алакөл ауданы бойынша барлығы 894186 га жайылымдық жер бар. Елді мекен шегінде 98264 га жайылым бар, босалқы жерлерде 808560 га жайылымдық жерлер бар.

      Ауылдық округтерде мал басының өсуіне байланысты жеке аулаларда 52803 га жайылымдық жерлер жетіспейді.

      Осы проблемаларды шешу үшін-мемлекеттік қордан жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану және елді мекендердің жерлері есебінен жайылым алаңдарын ұлғайту қажет, сонымен қатар қордағы жерлердің құрамынан тыңайған жерлерді басқа (жайылымдар) санаттағы жерлерге ауыстыру қажет. Бұл жер учаскелерін ауыл шаруашылығы айналымына тарту үшін бұл жерлерді мал жаю үшін жайылымдармен қамтамасыз етілмеген адамдарға бөлу қажет. Жайылымдардан жем - шөп қоры ұзақтығы 180-210 күн болатын жайылым кезеңінде пайдаланылады. Шабындықтардан жем қоры қора кезеңінде пайдаланылады.

     


     


      Гидрография және суландыру

     


      Аудан аумағында Тентек, Шынжылы, Жаманты, Қызылтал, Ырғайты өзендері ағып жатыр. Қорытындылай келе, суладыру көздері ауданда ауыл шаруашылық малдарының қажеттілігін толығымен қанағаттандырып отыр. Бір ауылшаруашылық малына су тұтынудың орташа тәуліктік нормасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу әдістемесіне айқындалады.

      Жайылым сыйымдылығы

      Жайылым сыйымдылығын анықтау, жайылым кезеңінде оның өнімділігі туралы деректер негізінде жүргізілді. Шамамен алғанда, жасыл азықтың келесі нормалары алынды (орта есеппен бір бас малға): ірі қара мал (ІҚМ) – 4,5 га, ұсақ қара мал (ҰҚМ) - 1 га, жылқылар – 4,5 га. Жайылым кезеңінің ұзақтылығы 180-210 күн. Осылайша, жайылым өнімін, малдың жасыл азықты бір күндегі қажет ету көлемін, жайылым кезеңінің ұзақтылығын біле отырып, жайылымның сыйымдылығын анықтауға болады.

      Жайылымдардың өнімділігі мен шөп құрамын жақсарту мақсатында жайылым айналымы ұйымдастырылады. Жайылым айналымы - шөпті жаңарту мен жақсарту бойынша басқа да іс-шаралармен бірлескен жеке учаскедегі жылдар бойынша малды бағу, демалу және шөп оруды кезекшілеу тәсілімен жайылымдар өнімділігін арттыруға бағытталған жайылымды пайдалану және оған күтім жасау жүйесі.

      Жайылымдардың өнімділігін арттыруда табын мен отар учаскелерін, жазғы лагерьлердерін, су кешендерін және мал айдайтын жолдарды орналастырудан тұратын олардың аумағын дұрыс ұйымдастыру маңызды рөлге ие.

      Табиғи жайылымдарда (күнтізбелік графигі) көрсетілген келесі мерзімдерімен төрт танапты жайылым айналымын ұйымдастыру қарастырылады.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Жылдар

Жайылымдардарға малдарды айдап шығару және жайылымдардан қайтару мерзімдері

Көктем

Жаз

Күз

Қыс

2023

Наурыз айының I-ші он күндігі Мамыр айының II –ші он күндігі

Мамыр айының II-ші он күндігі Қазан айының II-ші он күндігі

Қазан айының II-ші он күндігі Қараша айының III-ші он күндігі

Қараша айының III-ші он күндігі Наурыз айының II-ші он күндігі

2024

Наурыз айының I-ші он күндігі Мамыр айының II-ші он күндігі

Мамыр айының II-ші он күндігі Қазан айының II-ші он күндігі

Қазан айының II-ші он күндігі Қараша айының III –ші он күндігі

Қараша айының III-ші он күндігі Наурыз айының II-ші он күндігі

      Ветеринариялық-санитариялық обьектілер туралы мәлімет

      Аудан бойынша ауылдық округтер бөлінісінде ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер ( кестеде ) көрсетілген.

№ р/н

Округ атауы

Жасанды ұрықтандыру пункті

Мал қорымдары

Сібір жарасы көмінділері

Ветеринариялық пунктер

1

Үшарал қалалық округі


1

1

1

2

Достық ауылдық округі


1


1

3

Бескөл ауылдық округі


1

1

1

4

Ырғайты ауылдық округі




1

5

Жайпақ ауылдық округі


1


1

6

Қайнар ауылдық округі

1

1


1

7

Ақтүбек ауылдық округі


1


1

8

Ынталы ауылдық округі


1


1

9

Қамысқала ауылдық округі


1


1

10

Жағатал ауылдық округі



1

1

11

Жанама ауылдық округі

2

3

6

1

12

Еңбекші ауылдық округі

1

1

1

1

13

Арқарлы ауылдық округі

1

1


1

14

Қызылашы ауылдық округі


1

1

1

15

Қабанбай ауылдық округі

1

1

3

1

16

Теректі ауылдық округі

1


1

1

17

Екпінді ауылдық округі


1

1

1

18

Жыланды ауылдық округі


1

1

1

19

Ақжар ауылдық округі


1

1

1

20

Сапақ ауылдық округі




1

21

Тоқжайлау ауылдық округі


1

1

1

22

Үшбұлақ ауылдық округі


1

1

1

23

Лепсі ауылдық округі




1

24

Көлбай ауылдық округі

2

1

1

1

      Алакөл ауданында 75 ветеринариялық-санитарлық объектілер әрекет етеді. Оның ішінде: 21 мал қорымы, 21 сібір ошағы, 22 ветеринариялық пункт, 2 мал емдеу орындары, 9 ірі қара малын қолдан ұрықтандыру пунктер.

      Қабылданған шешім

      Ауданда 894 186 га жайылым бар, сондықтан Алакөл ауданы жерінің территориясында жайылымдарды басқару мен қолдану бойынша Жоспарды жүзеге асыру мәселесі жайылымның жоғарғы өнімділігіне, шөптердің бағалы құрамын ұзақ мерзімге сақтауға, жайылым азықтарымен мал басы санының көбін қамтамасыз етуге, мал шаруашылығы өнімдерінің жоғары сапасын алу мен мал басы санын көбейтуге зор ықпалы тиетін жерлерді тиімді әрі ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

      Алакөл ауданы аумағындағы жайылымдық жерлерді негізгі пайдаланушылар ауыл шаруашылығы құрылымдары болып табылады. Елді мекендер тұрғындарының ауыл шаруашылығы жануарлары елді мекендердің, ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерлерінде және босалқы жерлерде жайылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады