Ескелді ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Жаңа

Жетісу облысы Ескелді ауданы әкімінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы" № 32469 бұйрығына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Ескелді ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді ауданының әкімі Е. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады