"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Төрағасының м.а. 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 400/НҚ бұйрығы

      Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы, сондай-ақ 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК-ға жіберілсін;

      3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасарларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Төрағаның м.а А. Ныгыметоллина

  Бұйрығына
1-қосымша

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қызметкерлері орындайтын халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы көрсетілетін жұмыстардың тізбесі

№ р/с

Қызметтердің атауы

1

Ресепшінде консультация беру және құжаттардың толықтығын тексеру

2

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау, оның ішінде жолданымдарды қабылдау

3

Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру

4

Өтініштерді қабылдау және беру бойынша тізілімдерді қалыптастыру (жинақтаушы сектор)

5

Организм функциялары тұрақты бұзылған денсаулығы адамдарға үйіне барып мемлекеттік қызмет көрсету

6

Мобильді ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету

7

Өзіне өзі қызмет көрсету секторында консультациялық көмек көрсету

8

Жол қозғалысы теориясы бойынша тестілеуден өту кезінде консультация беру

9

Автоматтандырылған электрондық алаңда практиқалық емтихан тапсыру кезінде консультация беру

  Бұйрығына
2-қосымша

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қызметкерлері орындайтын Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер тізбесі

№ р/с

Қызметтердің атауы

1.

Дауыстық кеңес беру қызметтері (кіріс қоңыраулар)

2.

Дауыстық кеңес беру қызметтері (шығыс қоңыраулар)

3.

Дауыстық консультациялық қызметтердің көмегімен консультация беру және техникалық қолдауға тіркеу

4.

Дауыстық емес кеңес беру қызметтері

5.

Дауыссыз консультациялық қызметтер (арналар арқылы: telegram, vk, еmail, facebook)

6.

Дауыстық емес консультациялық қызметтердің көмегімен консультация беру және техникалық қолдауға тіркеу

7.

"Бейне қоңырау" сервисі арқылы консультациялық көмек

8.

"Бейне қоңырау" сервисі арқылы консультациялық көмек және мемлекеттік қызметтер көрсету

9.

"Бейне қоңырау" сервисінің көмегімен кеңес беру және техникалық қолдауға тіркелу

10.

Дауыстық консультациялық қызметтердің көмегімен консультация беру және үйге баруды тіркеу

11.

Дауыстық консультациялық қызметтердің көмегімен шағымдар мен алғыстарды тіркеу

12.

Биометриялық сәйкестендіруден өтпеген қызмет алушыларды модерациялау қызметтері


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады