"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының 1-4 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағындағы "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемшарттары айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Мусин |
Бұйрыққа қосымша |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағындағы "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін автокөлікті арнайы көлік құралдарына жатқызу өлшемшарттары
1. Радиожиілік спектріне мониторинг жүргізу және радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды анықтау бойынша жұмыстардың орындалуын техникалық қамтамасыз етуге арналған өлшеу-пеленгациялық кешенімен жабдықталған жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік:
өлшеу-пеленгациялық жабдықпен жабдықтау (радиоқабылдағыштар, антенна-фидер құрылғылары).
2. Байланыс қызметтерінің сапасын бақылау бойынша жұмыстардың орындалуын техникалық қамтамасыз етуге арналған байланыс сапасын бақылау кешенімен жабдықталған, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік:
байланыс сапасын бақылау жабдықтарының мамандандырылған жиынтығымен жабдықтау (ұялы байланыс желісінің сканері, электр қуат көзімен жабдықтау жүйесінің жабдықтары, антенно-фидер құрылғылары).
3. Телерадио хабар тарату сигналының техникалық параметрлерінің сапасын бақылау бойынша жұмыстардың орындалуын техникалық қамтамасыз етуге арналған теле -, радиохабар тарату сапасын бақылау кешенімен жабдықталған, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік:
теле-, радио хабарларын тарату сапасын бақылауға арналған мамандандырылған жабдықтар жиынтығымен жабдықтау (теледидарлық сигнал анализаторы, электр қуат көзімен жабдықтау жүйесінің жабдықтары, антенно-фидер құрылғысы).
4. Радиожиілік спектріне мониторинг жүргізу бойынша жұмыстардың орындалуын техникалық қамтамасыз етуге арналған өлшеу кешенімен жабдықталған, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік:
мамандандырылған радиоқабылдағыш құралдарымен жабдықтау (радиоқабылдағыш құрылғысы, антенно-фидер құрылғысы);
жердегі және спутниктік теледидарлық хабар таратуды қабылдауға арналған жабдықтармен жабдықтау (антенна, теледидар сигналдарын қабылдағыш).