"Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет" кәсіптік стандартын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 521-НҚ бұйрығы

      "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет" кәсіптік стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
міндетін атқарушы
Қ. Ысқақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

      министрлігі

  Бұйрығымен
бекітілген

"Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет" кәсіптік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіптік стандартты қолдану саласы: "Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет" кәсіптік стандарты (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) жастар жұмысын жүзеге асыру және оның дамуын жоспарлау үшін қажетті қызметкерлердің құзыреттерін бағалауға арналған. Кәсіптік стандарт "Кәсіптік біліктілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен түлектерінің кәсіби біліктілігін тануға және ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды анықтайды.

      2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

      2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

      3) информалды білім – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;

      4) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

      5) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

      6) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

      7) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;

      9) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

      10) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

      11) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.

      3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдалынылады:

      1) БА – басшылар лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;

      2) БТБА – бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

      3) ЖРО – жастар ресурстық орталығының;

      4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері;

      5) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

      4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы қызмет".

      5. Кәсіптік стандарттың коды: М84120.

      6. ЭҚЖЖ секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету: M секциясы кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет:

      84 Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру;

      84.1 Жалпы сипатты мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық басқару;

      84.12 Әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, медициналық қызмет көрсетуді, білім беру, мәдени қызмет көрсетуді және басқа да әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мекемелердің қызметін реттеу;

      84.12.0 Әлеуметтік қамсыздандырудан басқа, медициналық қызмет көрсетуді, білім беру, мәдени қызмет көрсетуді және басқа да әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін мекемелердің қызметін реттеу.

      7. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы жастармен жұмысты ұйымдастыруды, жастарға кеңес беруді және жастарға арналған іс-шараларды өткізуді қамтиды.

      Осы Стандартта сипатталған барлық кәсіптерге мынадай білім талаптары қолданылады: еңбекті қорғау ережелері мен нормалары; қауіпсіздік техникасы; өндірістік санитария және өрттен қорғау; құжаттамалық қамтамасыз ету және іскерлік хат алмасу ережесі; іскерлік қарым-қатынас этикасы, мемлекеттік және орыс тілдерінде сауатты ауызша және жазбаша сөйлеу; кеңсе бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану.

      8. Кәсіптер карточкаларының тізімі:

      1) Орталықтың директоры (меңгерушісі) (жастарға ақпарат, жастарға консультативтік қызметтер, жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек) – СБШ 7-ші деңгейі;

      2) Жастармен жұмыс жөніндегі маман – СБШ 5-ші деңгейі.

3-тарау. Мамандықтар карточкасы

9. "Орталықтың директоры (меңгерушісі) (жастарға ақпарат, жастарға консультациялық қызметтер, жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек)" кәсіптік карточкасы

Топтың коды:

1210-0-020

Қызмет атауының коды:

1210-0

Кәсіптің атауы:

Орталықтың директоры (меңгерушісі) (жастарға ақпарат, жастарға консультативтік қызметтер, жастарға әлеуметтік-психологиялық көмек)

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

6

СБШ бойынша біліктіліктің кіші деңгейі

-

БТБА, КС және т. б. үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі

"Ақпарат, діни қызмет, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 394 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19478 тіркелген).

Кәсіптік білім деңгейі

Жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі
Мамандығы:
6B01 Педагогикалық ғылымдар
6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
6B04 Бизнес, басқару және құқық
"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 тіркелген).

Бейресми және информалды біліммен байланыс

Қажет емес

Кәсіптің басқа мүмкін атаулары:

1210-0-057 Орталықтың директоры

Қызметтің негізгі мақсаты

Ұйым мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету

Еңбек функцияларының тізбесі

Міндетті еңбек функциялары::

1. Жастар ресурстық орталығының (бұдан әрі - ЖРО) жұмысын басқару және ұйымдастыру;

2. Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың жұмысын үйлестіру және олардың құзыреттерін арттыру;

3. Жастар жұмысын дамыту және жастар жұмысының сапасын арттыруға жәрдемдесу.


Қосымша еңбек функциялары

-

Еңбек функцияларының сипаттамасы

Еңбек функциясы 1:
ЖРО жұмысын басқару және ұйымдастыру

Дағды 1
ЖРО қызметін ұйымдастыру

Қабілет:

1. ЖРО қызметіне басшылық жасау және оның жұмысының нәтижелері үшін жауапты болу;
2. Өңірлік қажеттіліктер мен ерекшеліктерді ескере отырып, жастардың өзекті сұраныстары негізінде ЖРО дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3. Іс-шараларға және кездесулерге қатысу, тәжірибе алмасу мақсатында басқа ЖРО басшыларымен өзара іс-қимыл жасау;
4. ЖРО қызметтері туралы халықты хабардар етуді ұйымдастыру мақсатында іскерлік келіссөздер жүргізу және көпшілік алдында сөз сөйлеу әдістерін қолдану, әлеуметтік әріптестермен іскерлік қатынастар орнату;
5. Жаңа техника мен технологияларды, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті түрлерін қолдану;
6. ЖРО мамандары үшін қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды сақтау мәселелерін шешу;
7. ЖРО-ның қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасау.

Білім:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
3. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
4. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы;
5. "Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19619 тіркелген);
6. ЖРО қызметі мен мамандану ерекшеліктерін білу.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылады

Еңбек функциясы 2:
Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың жұмысын үйлестіру және олардың құзыреттерін арттыру

Дағды 1: Жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың жұмысын ұйымдастыру

Қабілет:

1. Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың белсенді шараларын ұйымдастыруды жоспарлау;
2. Еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту бойынша жұмыстар жүргізу;
3. Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау;
4. Операциялық және перспективалық жоспарлау қағидаттарын, мониторинг және бақылау дағдыларын қолдану;
5. Тиімді жобалық менеджмент дағдыларын меңгеру;
6. Қызметкердің біліктілік деңгейін жетілдіру бойынша жоспарларды әзірлеу дағдыларын меңгеру;
7. Қызметкерлерге білім беру бағдарламаларын әзірлеу, тренингтер мен білім беру іс-шараларын өткізу.

Білім:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
3. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы;
4. "Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19619 тіркелген);
5. ЖРО қызметі мен мамандану ерекшеліктерін білу.
6. Оқытуды жүргізудің теориясы мен әдістемесі (оқыту стилі, қалауы және т.б.);
7. Бейресми білім беру әдістерін білу;
8. Бейресми оқытуды бағалау (процестерді, бағалау механизмдері мен құралдарын білу);
9. ҚР іс қағаздарын жүргізу және ҚР мен ұйымның басқа да заңнамалық актілерінің теориясы.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылады

Еңбек функциясы 3:
Жастар жұмысын дамыту және жастар жұмысының сапасын арттыруға жәрдемдесу

Дағды 1 (кәсіби міндет): Жастарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жоспар әзірлеу

Қабілет:

1. ЖРО-ның стратегиялық құжаттары мен даму жоспарларын әзірлеу;
2. Мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарын орындауын, сапасы мен мерзімі бойынша құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
3. Көрсетілетін қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу;
4. Жобаны басқарудың тиімді әдістерін қолдану.

Білім:

1. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы;
3. "Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19619 тіркелген);
4. ЖРО қызметі мен мамандану ерекшеліктерін білу;
5. Шешімдерді басқару теориясы мен дағдылары;
6. Менеджмент теориясы және ұйымдастырушылық психология негіздері;
7. Өкілеттілікті табыстау, жоспарлау, мониторинг және бақылау теориясы.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылады

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Бастамашылық, жауапкершілік, тиімділік, шығармашылық, коммуникативтілік, икемділік, өзін-өзі дамыту, білімдарлық.

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі

-

СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс

СБШ деңгейі

Кәсіп атауы

6

Мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың бірінші басшылары

6

Орталық директоры

10. "Жастармен жұмыс жөніндегі маман" кәсіптік карточкасы:

Код:

3412-0-003

Топ коды:

3412-0

Кәсіп:

Жастармен жұмыс жөніндегі маман

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5

СБШ бойынша біліктіліктің кіші деңгейі

-

БТБА, КС және т. б. үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі

-

Кәсіптік білім деңгейі

Кәсіптік-техникалық білім
Мамандығы:
02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
03 Әлеуметтік ғылымдар және ақпарат
04 Бизнес, басқару және құқық
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 тіркелген).

Бейресми және информалды біліммен байланыс

Қажет емес

Кәсіптің басқа мүмкін атаулары:

3412-0-005 Әлеуметтік жұмыс жөніндегі қызметкер

Қызметтің негізгі мақсаты

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастарға қызмет көрсету

Еңбек функцияларының тізбесі

Міндетті еңбек функциялары:

1. Жастарды ақпараттандыруды және оларға кеңес беруді қамтамасыз ету;

2. Білім беру бағдарламалары арқылы жастардың дамуына ықпал ету;

3. ЖРО-ға жүгінген тұлғалардың қажеттіліктерін зерделеу, жастардың қажеттіліктері мен үміттерін анықтау.


Қосымша еңбек функциялары

-

Еңбек функцияларының сипаттамасы

Еңбек функциясы 1:
Жастарды ақпараттандыруды және оларға консультация беруді қамтамасыз ету

Дағды 1
Жастарға консультация беру

Қабілет:

1. Жастарға бастапқы консультация берумен айналысу, қажет болған жағдайда жастарды мамандарға, уәкілетті мемлекеттік органдарға және өзге де ұйымдарға жіберу;
2. Жастарға сенімді және жүйелі ақпарат беру;
3. Жастармен жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативтік дағдыларды меңгеру

Білім:

1. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы;
3. "Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19619 тіркелген);
4. Жастарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті ақпаратты білу.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылады

Еңбек функциясы 2:
Білім беру бағдарламалары арқылы жастардың дамуына ықпал ету

Дағды 1
Жастар үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу

Қабілет:

1. Оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
2. Дайын білім беру материалдарын пайдалану және бейімдеу;
3. Топтық басқару және фасилитация, тәлімгерлік дағдылары;
4. Жастарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін қажеттілік сауалнамалары мен кері байланыс сауалнамаларын жүргізу.

Білім:

1. Жастардың әртүрлі жас топтарының психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін білу;
2. Белсенді тыңдау мен вербалды емес қарым-қатынастың әртүрлі формалары мен элементтерін білу;
3. Бейресми білім беру әдістерін білу.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылады

Еңбек функциясы 3:
ЖРО-ға жүгінген тұлғалардың қажеттіліктерін зерделеу, жастардың қажеттіліктері мен үміттерін анықтау

Дағды 1
Жастарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша жоспар әзірлеу

Қабілет:

1. Жастардан кері байланыс алу арқылы жастардың ақпараттық қажеттіліктерін анықтау;
2. Ақпаратты/деректерді жинау, өңдеу және талдау дағдылары;
3. Бағалау нәтижелерімен жұмыс істеу қабілеті және рефлексия жүргізу.

Білім:

1. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы;
3. "Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19619 тіркелген);
4. Деректерді жинауға арналған сауалнама технологияларын білу;
5. Деректерді талдаудың теориясы мен негізгі әдістерін білу.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылады

Еңбек функциясы 4:
Жастарға арналған жобаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау

Дағды 1
Басқарушылық тәсілдерді, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жастарға арналған жобаларды ұйымдастыру, әзірлеу

Қабілет:

1. Ұйымдастырушылық басқару және ұйымның саясаты мен бағдарламасын дамыту, мониторинг және бағалау;
2. Ақпаратты/деректерді жинау, өңдеу және талдау дағдылары;
3. Аудиториямен жұмыс істеу қабілеті;
4.Көшбасшылық, делегация, жоспарлау, жәрдемдесу, коммуникация;
5.Қаржылық менеджмент, адам ресурстарын басқару және дамыту, қаражат жинау, коммуникация, мүдделерді қорғау, желі құру.

Білім:

1. "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
2. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы;
3. "Жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 444 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19619 тіркелген);
4. Жоба және ресурстарды басқару негіздерін білу;
5. Деректерді талдаудың теориясы мен негізгі әдістерін білу.
6. Ақпараттық, коммуникациялық және әлеуметтік медиа құралдарын білу.

Дағдыны тану мүмкіндігі

ұсынылады

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Бастамашылық, жауапкершілік, тиімділік, шығармашылық, коммуникативтілік, икемділік, өзін-өзі дамыту, білімдарлық.

Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі

-

СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс

СБШ деңгейі

Кәсіп атауы

5

Әлеуметтік қызметкер

5

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі қызметкер

4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

      11. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.

      Орындаушы: Есекеева М.М., m.esekeeva@mki.gov.kz, 74-05-08.

      12. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар):

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті.

      Орындаушы: Есекеева М.М., m.esekeeva@mki.gov.kz, 74-05-08.

      "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС.

      Орындаушылар:

      Қайдарова Т.Қ., t.kaidarova@eljastary.kz, 27-04-36.

      13. Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 23 қараша 2023 жылғы №01- 04/12 хаттама.

      14. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 13 қазандағы 2023 жылғы № 3346 қорытындысы.

      15. Қазақстан Республикасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 3 қарашадағы 2023 жылғы № 14790/30 сараптамалық қорытындысы.

      16. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: нұсқа 1, 2023 ж.

      17. Бағдарлы жаңарту күні: 05.11.2026 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады