"Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2023 жылғы 22 қарашадағы № 108 шешімі

      Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды амбулаториялық емделу кезінде қосымша беру туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6207 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы Н. Кобжанов

  Қарағанды облыстық мәслихатының
2023 жылғы 22 қарашадағы
№ 108
шешіміне қосымша
  Қарағанды облыстық мәслихатының
2021 жылғы 25 ақпандағы
№ 34 шешіміне
1 қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша берілетін амбулаториялық емдеу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, медициналық бұйымдар

      1. Амбулаториялық емдеу кезінде диагноздармен (рецепт бойынша) қосымша тегін берілетін дәрілік заттар:

      1) "Олодатерола гидрохлориді/Тиотропия бромид моногидраты" дәрілік заты - "Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы" диагнозында;

      2) "Канакинумаб" дәрілік заты - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозында ;

      3) "Тоцилизумаб" дәрілік заты - "Ювенильді склеродермия" диагнозында;

      4) "Иммуноглобулин G" дәрілік заты - "Ювенильді склеродермия" диагнозында;

      5) "Адалимумаб" дәрілік заты - "Ревматоидты артрит" диагнозында;

      6) "Метотрексат", "Метилпреднизолон" дәрілік заттары - "Қаптайтын тромбоангиит. Бюргер ауруы" диагнозында;

      7) "Азацитидин" дәрілік заты - "Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғанда, гематологиялық аурулар" диагнозында;

      8) "Тобрамицин" дәрілік заты - "Муковисцидоз" диагнозында;

      9) "Метилпреднизолон" дәрілік заты - "Жүйелі склеродермия" диагнозында;

      10) "Азатиоприн" дәрілік заты - "Бехчет ауруы" диагнозында;

      11) "Белимумаб" дәрілік заты - "Жүйелі қызыл жегі" диагнозында;

      12) "Ривароксабан" дәрілік заты - "Аяқ артерияларының облитерациялайтын атеросклерозы" диагнозында;

      13) "Ривароксабан" дәрілік заты - "Жүрекшелердің созылмалы фибрилляциясы (жыпылықтайтын аритмия)" диагнозында;

      14) дәрілік зат - "Блекфан-Даймонд анемиясы" диагнозында;

      15) дәрілік зат - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;

      16) дәрілік зат- "Эпилепсия" диагнозында;

      17) дәрілік зат - "Аралас жасушалық-гуморальдық иммунитет тапшылығы" диагнозында;

      18) дәрілік заттар - "Созылмалы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура" диагнозында;

      19) дәрілік зат - "Ювенильді идиопатиялық артрит" диагнозында;

      20) дәрілік зат - "Бехтерев ауруы" диагнозында;

      21) "Мацитентан" дәрілік заты - "Өкпе артериялық гипертензиясы" диагнозында;

      22) "Пеницилламин" дәрілік заты - "Жүйелік склеродермия" диагнозында;

      23) "Кладрибин" дәрілік заты - "Шашыраңқы склероз" диагнозында;

      24) "Секукинумаб", "Гуселькумаб" дәрілік заттары - "Псориаз" диагнозында;

      25) "Этеплирсен" дәрілік заты - "Мышечная дистрофия Дюшена" диагнозында;

      26) "Секукинумаб" дәрілік заты - "Псориаздық артрит (псориаздық артропатия)" диагнозында.

      2. Амбулаториялық емдеу кезінде диагнозбен тегін медициналық бұйымдар: медициналық бұйымдар (рецепт бойынша) "буллезді эпидермолиз" диагнозы бар азаматтарға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады