Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы "Жайылымдар туралы" Заңының 9-бабына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 27/1 "Теміртау қаласының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4842 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 шілдеде жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1, 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік етуші Теміртау қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | О. Таурбеков |
Теміртау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы "7" қарашадағы № 79/9 қаулысына 1 қосымша |
|
Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "21" маусымдағы № 27/1 қаулысына 1 қосымша |
Теміртау қаласының жайылым айналымдарының схемасы
Теміртау қаласы әкімдігінің 2023 жылғы "7" қарашадағы № 79/9 қаулысына 2 қосымша |
|
Теміртау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "21" маусымдағы № 27/1 қаулысына 2 қосымша |
Ақтау кентінің жайылым айналымдарының схемасы