Шахтинск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 29/12 "Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 35/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес әкімдіктің 2022 жылғы 2 маусымдагы №29/12 "Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.А. Мажитовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шахтинск қаласының әкімі М. Кыдырганбеков

  Шахтинск қаласы
әкімдігінің
2023 жылғы 25 шілдедегі
№ 35/03
қаулысына
қосымша

      "Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 14-тармағы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:

      "25) мемлекеттік мекеменің қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады