Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1) - тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында Зирко Дмитрий Сергеевичке берілген, ауданы 11,22 га "Шахан карьерлері" су айдынында Шахтинск қаласында орналасқан жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Мақшай) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.А. Мажитовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |