Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің әкімінің 09.11.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және 2023 жылғы 24 қазандағы №12-2-4/516 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде, Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кенті бойынша халық пен ірі қара арасында сібір жарасы ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 24 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Топар кентінің әкімі | М. Сафаров |