Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8-тармағына сәйкес және 2023 жылғы 08 қарашадағы № 12-2-4/535 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде, Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Топар кентінде тұрғындар мен ірі қара мал арасында сібір жарасы ауруының анықталуына байланысты белгіленген карантин алынып тасталсын.
2. Топар кенті әкімінің 2023 жылғы 26 қазандағы №4 "Қарағанды облысы Абай ауданының Топар кентінде карантин белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Топар кентінің әкімі | М. Сафаров |