Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кентінің әкімінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Копорация Казахмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ғабиден Мұстафин кенті мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 292,4688 гектар жер учаскесіне геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін 3 жыл мерзімге шектеулі пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы белгіленсін.

      2. "Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ғабиден Мұстафин кентінің әкімі К.Кусаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады